Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 қыркүйек, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Ғылым растаған Құрандағы он факті

Ғылым растаған Құрандағы он факті

Ғылым растаған Құрандағы он факті
ашық дереккөзі
1. Тіршіліктің судан пайда болуы. «Аллаһ барлық тіршілік иелерін судан жаратты. Олардың арасында ішімен жорғалайтындар, екі аяғымен жүретіндер және төрт аяғымен жүретіндер бар. Алла қалаған нәрсесін жаратады. Расында, Алла барлық нәрсеге құдіретті, күшті». («Ән-Нұр» сүресі, 45 аят). Бүгінгі күні кез-келген мектеп оқушысы судың тіршілік көзі екенін және тірі организмдер алғаш рет сулы ортада пайда болғанын біледі. Дене – жасушалардан тұрады, ал жасушаның негізі - су. Мысалы, су – цитоплазманың 80 пайызын құрайды. Бірақ ғылымда бұл жаңалық – микроскопты ойлап тапқаннан кейін ғана белгілі болды. Құранда Алла Тағала оны пенделеріне 14 ғасыр бұрын білдіріп отыр. 2. Саусақ іздерінің бірегейлігі. «Адам шынымен де біз оның сүйектерін жинамаймыз деп ойлай ма? Әрине! Біз оның саусақ ұштарын да қалпына келтіруге құдыретіміз жетеді». («Әл-Қияма» сүресі, 3 - 4 аяттар). Адамның саусақ ұштарының терісінің бетіндегі өрнектер өте ерекше және ешқашан қайталанбайды. Тіпті ДНҚ құрылымы бірдей болып келетін егіздердің де саусақ іздері әртүрлі. Саусақ ұшындағы шифрланған ақпарат әрбір адамды анықтауға мүмкіндік береді. Саусақ құрылымының осындай маңызды ерекшелігін ғалымдар 19 ғасырдың аяғында ғана анықтады. 3. Мұнайдың шығу тегі. Құранның 87-ші сүресінде («әл-Аля») былай делінген: «Кім жайылымдарды көтеріп, содан кейін оларды қара қиқымға айналдырды?!» (4-5 аяттар). Мұнай микроорганизмдер мен химиялық заттардың ықпалымен өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарының ыдырауынан пайда болады. Құранда мұнайдың пайда болуының үш кезеңі атап өтілген: өсімдік жамылғысы («жайылымдар»), өсімдіктің былтырғы шөпке айналуы («қиқым»), және массаның қара затқа айналуы («қара қоқыс»). Бұл – мұнайдың пайда болуының үш кезеңі болып табылады. 4. Бір-бірімен араласпайтын теңіздер. «Екі теңізді ағызды, ол екеуі бір-бірімен кездеседі. Бірақ, араларында бір бөгет бар, бір-біріне өтіп, араласа алмайды». («Ар-Рахман» сүресі, 19-20 аяттар). 1962 жылы океанографтар таңғажайып құбылысты анықтады. Баб Эль-Мандеб бұғазында, Аден шығанағы мен Қызыл теңіздің түйіскен жерінде олар (океанографтар) Қызыл теңіз бен Үнді мұхитының арасындағы анық бір шекара барын көрді. Ол екі су бір-бірімен түйісіп, қатар ағып тұрады, бірақ олар ешқашан бір-бірімен араласпайды. Кейінірек дәл осындай құбылыс Жерорта теңізінде де табылды. Оның сулары Атлант мұхитының суларымен араласпайтын болып шықты. Бұл теңіздердің сулары жанасады, бірақ араласпайды, әрі өзіндік ерекшеліктерін жоғалтпайды. Бұл - көптеген мыңжылдықтар бойы жалғасуда. Ғалымдар бұл табиғи құбылыстың себебін 20 ғасырдың соңғы ширегінде ғана анықтай алды. Ол сулар – судың әр түрлі тығыздығынан туындаған физикалық күштің әсерінен араласпайды. Ғалымдар бұл күшті «беттік керілу» деп атады. 5. Таулар мен континенттердің қозғалысы. «Сен қозғалыссыз деп ойлаған таулардың бұлт сияқты қозғалатынын көресің. Бұл бәрін шебер түрде жасаған Алланың жаратуы». («Ан-Намл» сүресі, 88-аят). 20 ғасырдың басында неміс ғалымы Альфред Вегенер бастапқыда планетаның бетінде бір үлкен «Пангея» деп аталатын материк болған деген гипотезаны алға тартты. 180 миллион жыл бұрын ол Гондвана және Лауразия деп аталатын екі бөлікке бөлінді. Содан кейін бұл екі ежелгі континент кезең-кезеңімен тағы бірнеше бөлікке бөлінді. Гондванадан қазіргі Африка континенттері, Австралия, Антарктида және Үндістан құрылды. Лауразия болса, Еуропа, Солтүстік Америка және Азияға айналды. Зерттеулер көрсеткендей, бұл континенттердің қозғалысы әлі де жалғасуда. Жер қыртысының астында орналасқан жер мантиясы бірнеше плиталарды қалыптастырады және олар жылына 1-5 см жылдамдықпен қозғалады. Ғалымдардың тілінде таулардың қозғалысын білдурі үшін континенттік дрейф (continental drift) термині қолданылады, яғни «континентальды жүзу» деген сөз. Құран Кәрімде таулар «бұлт тәрізді қозғалады» делінген. Осылайша, ғалымдар бұл құбылысты осыдан 14 ғасыр бұрын Құран қалай сипаттаған болса, олар да дәл солай сипаттап отыр. 6. Қара тесік (черная дыра). Құранда жұлдыздардың сөнетіндігі жайында былай делінеді: «Сендерге уәде еткен нәрсе сөзсіз орындалады, жұлдыздар сөнгенде, аспан жарылғанда...». («Әл-Мурсалат» сүресі, 7, 8, 9 аяттар). Және де өлген (сөнген) жұлдыздардың орны туралы да хабарланған. «Тариқ» сүресінде былай делінеді: «Тариқ жайында қайдан білесің? Ол – (қараңғылықты немесе аспанды) тесетін жұлдыз». («Ат-Тарик» сүресі, 2 - 3 аяттар). 20 ғасырда ғалымдар ғарышта «қара саңылаулар (тесіктер)» деп аталатын орындарды анықтады. Олар - өте мықты тартылыс күшке ие орындар. Сондай-ақ, ғалымдар қара тесіктердің әлдебір жұдыздың сөнуінен кейін пайда болатындығын және оның орнында қарама-қарсы процесс басталып, айналадағының бәрін, соның ішінде фотондарды да (жарық бөлшектер) өзіне соратын алпауыт бір күш пайда болатындығын білді. Алайда, қара саңылауларды (тесіктерді) ең мықты деген телескоптармен де көру мүмкін емес. Әрине, 7 ғасырда өмір сүрген арабтар ғарыш кеңістігіндегі қара тесіктердің болатындығын білуі мүмкін емес еді. Құранда ондай жаңалықтың орын алуы таңқаларлық. 7.Темірді ғарыштан түсірді «Сондай-ақ темірді біз түсірдік. Онда мықты күш әрі адамзат үшін қажеттер бар..». («Әл-Хадид» сүресі, 25-аят). Темір жер қыртысының 5 пайызын құрайды. Сонымен қатар, бұл химиялық элементтің жерден шықпағандығы да мәлім. Бұл бұл ма, ғалымдар жердегі барлық темірдің Күн жүйесінен тыс, әлдебір ғарыш кеңістіктің қойнауынан синтезделгенін анықтады. Темірдің пайда болуы үшін Күннің температурасы жеткіліксіз екен. Темір тек жүздеген миллион градус температурадағы ғаламат жұлдыздарда ғана пайда болуы мүмкін. «Аль-Хадид» («Темір») сүресінің 25-ші аятында темірге қатысты «біз түсірдік» деген сөз қолданылған, демек, ол адамзаттың пайдасы үшін берілген дүние. Ғалымдардың анықтағаныдай, жер қыртысының құрамындағы темірдің едәуір бөлігі, жер планетасына көптеген құйрықты жұлдыздардың түсуінің нәтижесінде пайда болды деп санайды. 8. Әлемдегі барлық нәрсенің өз жұбы бар. «Сондай пәк Алла, барлық нәрсені жұп-жұбымен жаратты. Мейлі ол жердің өсірген нәрселерінен болсын, мейлі өздері өндірген нәрседен болсын, мейлі білмеген нәрселерінен болсын (бәрінің жұбы бар)». («Ясин» сүресі, 36 аят). 1930 жылы кванттық механиканың негізін қалаушылардың бірі, ағылшын физигі Пол Дирак антибөлшектердің бар екендігі жайында теориясын көлденең тартты. Кейін бұл теория тәжірибелер нәтижесінде дәлелденіп - «Аннигиляция және жұптасу» деп аталды. Ғалымдар әрбір қарапайым бөлшек үшін оның жұбы, яғни, антибөлшегі болады деген қорытындыға келді. Құран Кәрімде де Жаратушы Алланың жер бетіндегі барлық нәрсені жұп-жұбымен жаратқандығын айтады. Атап айтсақ, жануарлар мен өсімдіктерді, адамдар мен басқа нәрселерді жұп-жұп етіп жаратқан делінген. Бұл фактіні ғалымдар тек ХХ ғасырда ғана дәлелдей алды. Табиғатта өсімдіктердің де жұбы бары таңқалдырады. Жыныстарға бөліну «теңіз шырғаны», «терек», «спаржа», «пісте ағашы» сияқты өсімдіктерде бар. Бұл өсімдіктердің аталық және аналық дарақтары бар. Және бір қызығы олардың көбеюі үшін екі жыныстың да дарақтары қажет екен. Заттардың жұп болып жаратылғандығы туралы Құранның «Найзағай» сүресінде де айтылады: «Тағы Ол сондай Алла, жерді төсеп, онда асқар таулар мен өзендер жаратты. Әрі онда әртүрлі жемістерді екіден (жұп-жұп) жаратты...». («Раъд» сүресі, 3-аят). 9. Ана сүтінің ерекшеліктері «Аналар балаларын екі жыл бойы емізеді; бұл (емізуді) толық аяқтағысы келетіндерге арналған». (Бақара сүресі, 233 аят). Қазіргі ғылым ана сүтінде баланың өмірінің алғашқы жылдарында оның өсуі мен дамуына қажетті барлық микроэлементтер мен заттардың бар екендігін дәлелдеді. Тіпті, бүгінгі ғылым мен жоғарғы технологиялардың шарықтап тұрған шақта да ана сүтіне ұқсас, дәл әрі толықтай баланың қажеттіліктерін қамтамасыз ете алатын жасанды сүт формулаларын ойлап таба алмады. Зерттеулер көрсеткендей, нәресте өзінің тамақтануының алғашқы апталарында омыраудағы сүтті ему арқылы түрлі ауруларға қарсы иммунитетті қалыптастыратын пайдалы витаминдерді алады екен. Сондай-ақ, 20 ғасырдағы педиатрлар баланың денсаулығы мен толық қанды интеллектуалды дамуы үшін толық екі жыл ему керектігін анықтады. Бұл нәрсе 14 ғасыр бұрын қасиетті Құран Кәрімде ашық айтылып тұр. 10. Балшықтан адамды жасау «Сол уақытта Раббың, періштелерге: "Мен балшықтан бір адам жаратамын" деген. "Қашан оған бейне беріп жасап, оған рухымнан үрлеген сәтте, оған сәждеге жығылыңдар" (делінді)». («Сод» сүресі, 71 - 72 аяттар). Қазіргі кезде ғылымға адам ағзасының 26 элементтен тұратындығы белгілі. Олардың алтауы көп пайызды ара-қатынаспен, мыналар: көміртегі (C), сутегі (H), оттегі (O), азот 👎, фосфор (P) және күкірт (S). Бұл алты элемент адам ұлпасының (ткань) 95 пайызын құрайды. Сонымен қатар дәл осы органикалық емес химиялық элементтер топырақта да көп мөлшерде кездесетіні белгілі болып отыр. «Ол, адамзатты құмырадай сыңғырлаған құрғақ топырақтан жаратты». («Ар-Рахман» сүресі, 14-аят). «Ең жақсы керамикалық бұйымдар балшық, саздан жасалған. Егер лай, құм және саз болмағанда, электроника да дүниеге келмес еді. Ол - керемет катализатор. Балшықтың шексіз қасиеттері бар», - деп түсіндірді Ресей Ислам институтының оқытушысы Рүстем Иззетов. Дереккөз: sntat.ru Аударған: islam.kz