«Әкім-істің адамы. Ауыл әкімі халықпен етене араласуға міндетті. Ауыл әкімдерінің қызметі әрбір тұрғынның күнделікті тыныс тіршілігінде туындайтын қажеттіліктермен тікелей байланысты. Сондықтан да бұл - өте абыройлы да жауапты жол. Ең алдымен, өзекті мәселелерге талдау жүргізіп, проблемалар картасын жасау керек. Оның ішінде басымдыққа ие жобаларды нақтылап, шешу жолдары бойынша ұсыныстар енгізу қажет. Ең бастысы – әлеуметтік мәселе. Жаңа жұмыс орындарын ашып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға күш салу, жаңа кәсіпорындар ашып, инвестиция тарту керек. Тазалық, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын арттыру, қоқыс полигондарының санитарлық жағдайын ретке келтіріп, қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету керек»,-деді Өмірзақ Шөкеев.
Сондай-ақ, облыс әкімі заң аясында, пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару бойынша жұмыстарды жүргізуді жүктеді. Тұрғындардың сұраныстарын ескере отырып, жеке тұрғын үй салуға, шаруа қожалықтарының жұмысына жерлер бөлу, ортақ жайылымдық жерлер мәселелелерін шешуді тапсырды.
Ауылшаруашылығы саласында жаңа технологияларды енгізу, тамшылатып суару, жылына 2-3 өнім алу әдісін пайдалану, ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында тоғандар салу мүмкіндіктерін зерделеп, ұсыныстар енгізуді міндеттеді. Мал басын асылдандыру, ветеринариялық қауіпсіздік жұмыстарына ерекше назар аударуды тапсырды.
Сайлау қорытындысымен, Түркістан облысында 60 әкім сайланды.
32-әкім (53%) жаңадан сайланды.