Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 тамыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Моңғол астанасына атау берген қазақты білесіз бе?

Моңғол астанасына атау берген қазақты білесіз бе?

Моңғол астанасына атау берген қазақты білесіз бе?
ашық дереккөзі
Моңғол Республикасының астанасы Ұлан-Батыр екендігі барлығына белгілі. Астананың бұрыңғы атауы Ұрға болатын. Ал оны өзгерткен, қазіргі атауын берген қазақтың белгілі қайраткері Тұрар Рысқұлов еді. 1924 жылы ол Коминтерннің  өкілетті өкілі болып Моңғолияға барады. Қасында Қазақстаннан делегат Тауданбек Дəуітбай бар болады. Тұрар жаңадан құрылған Моңғол Халық Республикасының өркендеп кетуі жолында біраз еңбек сіңірді.  Республиканың Конституциясын жазуда үлкен рөл танытты.  1924 жылы 26 қарашада Ұлы Хуралдың бірінші отырысы өтіп, моңғол тарихындағы бірінші конституция қабылданды. Осы отырыста астананың атын өзгерту жайында мəселе көтеріледі. Ұрға аталып келген ел орталығына заманға сай ат тағайындау керек болды.  Сөйтіп бұның шешімін табу үшін дауысқа салады. Көпшіліктің қалауы қаланы "Батор-Хото", яғни "Батыр қаласы" деп атауды ұсынады(яғни Шыңғысханның қаласы дегенге келтірмек еді). Осы сəтте Коминтерннің өкілі Тұрар Рысқұлов сөз алады: "Рас, Шыңғысхан халықтың батыры, бірақ ол жаулаушы. Ендігі Халықтық Моңғолияның жаулаушылық мақсаты жоқ. Ол азаттыққа  ұмтылып, өз алдына, төңкерістік жолмен дамығысы келеді. Сондықтан қала атын "Улан-Батор Хото" қоялық. Ұлан сөзі (моңғ. қызыл) төңкерістік рух беріп, моңғол халқының тəуелсіздік жолында күш-жігерін танытып тұрады.  Қызылбатыр қаласы жасасын!" Тұрардың тапқырлығына тəнті болған барлығы, бұл атауды  бірауыздан қабылдайды.  Қала атауы қайтіп өзгертілмейді. Кейіннен ел демократиялық бағытқа көшкен кезде де ел астанасы "Ұлан-Батыр" атанып тұра береді. Себебі, ұлан сөзінің көне түркішесі жəне қазақшасы "жас" деген мағынада еді. Яғни Рысқұлов келісті ат тапқан. Бұл Тұрардың ерен істерінің бірі ғана. Ол Орталық Азияның, Ресейдің, Қазақстанның дамуы жолында талай еңбек сіңірді. Олардың бəрін тізер болсақ əңгімеміз созылып кетеді, əрі тақырыптан ауытқымайық. Суретте: Тұрар Рысқұлов Моңғолияда. Солдан екінші  Цеденбал, бесінші Чойбалсан. 1924 жыл.