Мемлекеттің тегін берген үйлері ақылы болып шыққан ба?
Мемлекеттің тегін берген үйлері ақылы болып шыққан ба?
ашық дереккөзі
Жаңаөзендік 15 отбасы мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген пәтерлерін жекешелендіре алмай жүр.Олар шенеуніктердің бұл қылығына түсінбейді. Өйткені, атқамінерлер бұған құлықсыз. Амалы таусылған олар мәселеге аймақ басшысының араласуын өтінді. Осыдан 10 жыл бұрын көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, мүгедек баласы бар жанұялар баспананы әкімдік тарапынан алған. Алайда, көп жыл өтсе де әлі күнге дейін жеке атына өткізе алмай жүргенге ұқсайды. Ал жаңаөзендік әкімдік болса, нарықтағы пәтер құнының қалған қалдық ақысын төлесең, аударуға болады депті. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.
"Көпбалалы ана Наташа жүр шырылдап. Мында 1-топтағы мүгедек баланың анасы тұр. Ол кісіге әлі аударып берген жоқ".
Әу баста баспана жалдамалы пәтер есебінде берілген. Бірақ, сол кездегі қала әкімі 3 жылдан соңжекешелендіру құқығымен аударып аласыңдар деген екен. Жеме- жемге келгенде қазіргі әкімдік өкілдері айнып қалған. Келісім-шарт бойынша Наталья Волосатова 3 бөлмелі үйін 7 млн теңгеге алуы тиісті. Бірақ , жуырда оған 11 млн теңге төлеуің керек депті.
НАТАЛЬЯ ВОЛОСАТОВА, ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: "Мен көпбалалы анамын. Әрі бюджет саласының қызметкеремін. 2012 жылы баспанаға әзер дегенде қол жеткіздім. Жаңаөзен қаласының әкімдігі ол үйді 3 жылдан кейін жекешелендіріп аласыз деген. Қолымда келісім-шартым бар. Пәтер құны - 7 млн теңге. Енді жекешелендіруге барсам, маған 11 млн теңге төлейсіз дейді. Мен бұған мүлде келіспеймін. Уәжімді қалалық әкімдік өкілдері тыңдағысы келмейді. Сол себепті облыстық әкімдікке келуге мәжбүрмін".
Ал Ақтүзел апаның жағдайы мүлде басқа. Оның 1 топтағы мүгедек баласы бар. Өзі жұмыссыз. Негізінде тегін берілуі тиіс пәтерді оған 10 млн теңгеге бағалап отыр. Ал қателік бастапқы кезде кеткен. Анасының пайымынша, әкімдік үйді жарымжан баласының атына рәсімдемеген. Сол себепті бар жеңілдіктерден қағылып отыр.
АҚТҮЗЕЛ СЕРІКОВА, ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ. "Бір-екі жерге бардым, юристке бардым. Олар апа сізге документтеріңізді дұрыс бермеген деді. Негізі инвалид баланың атында болу керек еді. Қалдық құнынын сол үшін шығарып беріп отыр. Ал менің оған төлеуге жағдайым жоқ".
Облыстың атқамінерлері әрқайсының мәселелерімен танысып, жеке-жеке қараймыз деп уәделерін үйіп-төкті. Алайда бәрі заң шеңберінде болуы тиіс деді.
БЕРДІБЕК ҚАРТБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: "Жееклей мәселе болса, осындай сұрақтар туындайтын болса, бізге өтініш ретінде шығыңыз. Біз өтінішке сәйкес, айтқан мәселенін қарауға дайынбыз. жекешелендіруге шығады".
Егер бұл мәселе шешілмесе, шағымданушылар облыс әкімінің жеке қабылдауына баруға мәжбүрміз дейді.
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=caHwuAehdvA[/embed]