[caption id="attachment_54905" align="alignnone" width="954"]

фото: Inbusiness.kz[/caption]
Коронавирустың «Дельта» штамы Қазақстанда. Қаупі қаншалық?
Мамандардың айтуынша «Дельта» яғни «Үнді» штамы тез таралады және инкубациялық кезеңі әдеттегідей 14 күн емес, 6-7 күн.
Коронавирустың Дельта штамы Қазақстанда. Қаупі қаншалық?
Мамандардың айтуынша Дельта яғни Үнді штаммы тез таралады және инкубациялық кезеңі әдеттегідей 14 күн емес, 6-7 күн.
Бұл туралы newsroom.kz тілшісі «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Бір нәрсені ескеруіміз керек.Бұл вирус қайдан келеді? Бұл РНҚ-калы бір тізбектен өседі. Тіпті менің организіміме түсіп,менен шықса да ол белгілі бір дәрежеде мутацияға ұшырайды. Бір адамнан бір адамға жұққанда. Тап қазіргі таңда Үндің штамы келді екен деп біріншіден даурығып қатты қорқудың керегі жоқ. Екіншіден жайбарақат қалмау керек», деді Әкім Тұрсын Ұлттық «Qmed» ұлттық инновациялық медицина палатасының президенті.
Алматы қаласының басшылығы үнді штамы тіркелген соң ауруханадағы ем қабылдайтын жатын орындарын сайлап, қажет жағдайда оны
7 мыңға дейін жеткізбек.
«Индиялық Дельта штамы бізге де келді. Тіркелу күнде жүріп жатыр. Егер де осылай кете беретін болса , онда біздің жобамыз бойынша, жақын күндері біз қайтадан, мысалы біз қазір сары аймақта тұрсақ, қызыл аймаққа өту қаупіміз бар», деді Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі.
Бақытжан Сағынтаевтың қауіптенуі бекер емес екен. Бүгін Алматы қаласы қызыл аймаққа өтті. Қаланың бас санитарлық дәрігері Бекшин мырза атап өткендей әуежай мен вокзалдарда қауіпсіздік шаралары қатаңдатылады. Жалпы шаһар бойынша шектеу шараларын жауапты орындар анықтайды. Әзірге белгілісі азаматтарға қызмет көрсету саласында істейтіндер міндетті түрде екпе алулары тиіс.
Вакцинация демекші. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы балаларға коронавирусқа қарсы екпе салдыруға ресми түрде рұқсат берді. Егер балалар COVID-19-дың ауыр түрін жұқтырмаса, қауіпті топтағы науқастармен байланыста болмаса екпе науқанын баяу өткізуге болады.
Десе де Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдеріне
егде жастағы кісілер мен созылмалы дертке шалдыққан жандарға, коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлердің денсаулығына баса назар аударуға кеңес береді.
Вакцинация науқанына келсек. Бүгінге дейін республикада
шамамен 3 млн адам екпе салдырған. Бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың мәлімдеуінше вакцина алған 1500 дай адам қайтадан індет жұқтырыпты. Бұл жалпы егілгендердің 0.05 пайызы екен. Екпе салғаннан кейін қайта ауырып қалуың мүмкін екендігін тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев та атап өтті. Елбасы кеше екпенің алғашқы компонентін салдырды. Оның таңдауы Қарағандыда жасалатын Ресейлік «СпутникV».
«Ауыр вирус. Қорқудың қажеті жоқ. Қашан ауырып қалам деп жүргенше осыны жасау керек. Тәжірбие көрсетіп отыр. Вакцинациядан кейін ауырса да ол ауру жеңіл түрде өтеді. Сондықтан қорықпай халқымыз осыны жасау керек», деді Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Елбасы.
https://www.youtube.com/watch?v=J8uylfQbSsI&list=PL_blKZJ1z0cBEU6-Gm9_kbbojSy0YzSfo&index=6