Іріктеуден орташа көлемдегі жалақы алатын және жалғыз тұратын 21-40 жас аралығындағы адамдар өтті. Біз қосымша табыс қоғамға қаншалықты пайдалы болатынын білгіміз келеді. Атап кету керек, тәжірибемізге ақшаға мұқтаж емес немесе жалақысы жақсы адамдар да қатысып жатыр. Жоба ұйымдастырушылары қосымша табыстың адамға, оның әдетіне, ең бастысы – көңіл-күйіне қалай әсер ететінін зерттемек. Қатысушылар ақшасы көбейсе, бақытты бола ма және де бұл оларды өзін-өзі дамытуға немесе қайырымдылыққа итермелей ме? Осының барлығын ғалымдарға пилоттық жоба аясында анықтауға тура келеді. Нәтижелерді анкета және сұхбаттың көмегімен алуды көздейміз. Оған қоса біз кортизола деңгейін – стресс гормондарын талдау үшін шаш үлгілерін алғымыз келеді. Әлемде көптеген ұқсас эксперименттер өткізілген. Мысалы, ғалымдар қосымша табыстың арқасында адамдардың одан да тиімді жұмыс жасай бастағанын анықтады. Сонымен қатар, психикалық және эмоционалды жағдайы жақсара түседі. Бұл адамның өзіндік дамуына да әсер етеді, деді Михаэль Бомеер, жобаның негізін қалаушы.Бұл тәжірибе демеушілердің көмегімен іске асты. 180 мың адам жобаны қолдап, келер үш жылда да қаржыландыруды ұйғарған. Егер демеушілер саны өсе түссе, ұйымдастырушылар одан да көп ақша таратуға уәде беріп отыр.
Дереккөз: 24.kz.