Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 маусым, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Нұр-Cұлтанда «Астана медицина университетінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті

Нұр-Cұлтанда «Астана медицина университетінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті

Нұр-Cұлтанда «Астана медицина университетінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті
ашық дереккөзі
 width= 2021 жылғы 4 маусымда Нұр-Cұлтан қаласында «Астана медицина университеті» КеАҚ және Халықаралық медиация институтының ұйымдастыруымен онлайн форматта «Пациенттер мен медицина ұйымдары арасындағы дауларды шешу кезінде медиацияны қолдану тәжірибесі: проблемалар мен перспективалар» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.  Бұл медициналық пациенттердің құқықтарын қорғаудың ең қарапайым және қолжетімді әдісі ретінде медиацияға арналған екінші шара. Бұл іс-шараның өзектілігі, ең алдымен, медициналық дауларды шешуде медиацияны қолдану тәжірибесін және оның осы саладағы дауларды шешудің қолданыстағы практикасына әсерін талдау қажеттілігіне байланысты.  Өткізілген іс-шара денсаулық сақтау саласында медиацияны қолдану практикасының өзекті мәселелерін талқылау және пікір алмасу үшін диалог алаңы болды және оны ұйымдастырушылардың пікірінше, жанжалды жағдайларды шешудің осы әдісіне ел халқының сенімін арттыруға ықпал етеді.  Тәжірибе көрсетіп отырғандай, медиация арқылы медициналық ұйымдар, дәрігерлер мен пациенттер арасындағы ұзаққа созылған жанжалдар реттеледі, соттарға түсетін жүктеме, медициналық ұйымдарға сапасыз медициналық көмек көрсету кезінде оларға материалдық залал төлеу жөніндегі экономикалық жүктеме төмендейді.  Қазіргі заманғы заңнаманың қарқынды дамуы, сапалы медициналық көмек көрсетуге қойылатын талаптардың артуы, медициналық араласудың қолайсыз нәтижелері медициналық кәсіпте құқықтық білімді арттыру қажеттілігін айқын көрсетеді. Дәрігер жақсы маман бола отырып, жанжалдарды шешу дағдыларын меңгермеген, олардың алдын ала алмайтын және шеше алмайтын жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан бүгінгі таңда медициналық қауымдастық медициналық-құқықтық білімді игеру қажеттілігін бұрынғыдан да жақсы біледі.   width= Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында медициналық құқық мәселелеріне университеттерді, сақтандыру бизнесін және үкіметтік емес секторды белсенді тарту көзделеді. Осыған байланысты 2020 жылы елордалық медициналық ЖОО-да медициналық құқық және этика кафедрасы құрылды, оның негізгі мақсаты болашақ дәрігерлер мен өзге де медицина қызметкерлеріне кәсіби медициналық қызметті жүзеге асыру кезінде қажетті мамандандырылған құқықтық білімнің оңтайлы көлемін беру болып табылады. 2020 жылдың қараша айынан бастап Астана медицина университетінде «Татуласу орталығы» татуластыру орталығы жұмыс істейді. Орталықтың құрылуы медициналық дауларды шешіп қана қоймай, медицина қызметкерлерінің, университет қызметкерлері мен  білім алушыларының жанжалдарын шешу дағдыларын арттыруға мүмкіндік береді.   Анықтама үшін: Татуласу орталығының 2020 жылғы қарашадан 2021 жылғы мамырға дейінгі 7 ай ішінде барлығы 60 - тан астам өтініш қаралды, оның ішінде 47-і медициналық даулар бойынша.  Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша 57 медиативтік келісім жасалды, оның ішінде 44 - і медициналық даулар бойынша. 4 өтініш бойынша даулар сот тәртібімен шешілді.  Орталық 15 оқыту іс-шарасын өткізді:  - «Медициналық дауларды сотсыз және сотта татуластыру рәсімдері арқылы шешу» тақырыбына 97 адамның, оның ішінде университеттің 58 қызметкерінің қатысуымен 7 мастер-класс; - «Жалпы медиация курсы», «Мамандандырылған медиация курсы. Денсаулық сақтаудағы медиация», 36 тыңдаушының, оның ішінде университеттің 31 қызметкерінің қатысуымен «Тренер-медиаторлар курстары» атты 8 семинар-тренинг өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, судьялар, медиаторлар, практик-заңгерлер, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Медицина және заң жоғары оқу орындарының, медиктердің кәсіби бірлестіктерінің, денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподақтарының және т.б. өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелде алғашқы құттықтау сөзімен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дауларды соттан тыс және сотқа дейін реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарау жөніндегі жұмыс тобының төрағасы  Б.А. Бекжанов қатысты. Ол соттан тыс және сотқа дейінгі дауларды реттеу саласындағы заңнаманы дамытудың проблемалары мен перспективалары туралы айтып берді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті медициналық білім басқармасының басшысы А.О. Мысаев, атап айтқанда, еліміздің медициналық жоғары оқу орындарында медиация орталықтарын құру бойынша Астана  медицина университетінің тәжірибесін тарату қажеттілігін атап өтті, бұл денсаулық сақтаудағы жанжалдар деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.  width= Елімізде медиативтік орталықтарды құрудың бастамашыларының бірі – «Астана медицина университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Б.Ж. Әбдірайым өз сөзінде дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін қорғаудағы медициналық сақтандырудың рөлін атап өтті. Бұл дәрігердің кәсіби қызметіне қатысты сот талқылауы жағдайында, оның ішінде абайсызда болған оқиға кезінде жоғары жеке шығындар қаупін азайтуға мүмкіндік береді. ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі, Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Бәшімов медиация институтының құқық қорғау әлеуетін атап өтті. Медиатор – бұл омбудсмен, адам құқығын қорғайтын делдал, ол, мысалы, Францияда осылай аталады.  Сондықтан денсаулық сақтау сияқты маңызды салада осындай орталықтар құру – бұл Қазақстан Конституциясының қағидаттарын іске асырудағы үлкен қадам. Судья, Нұр-Сұлтан қаласы сотының татуластыру рәсімдерінің үйлестірушісі Г.Р Рахметова Астана соты судьяларының дауларды медиацияны қолдана отырып шешу жөніндегі белсенді қызметі қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті төмендетуге бағытталғанын атап көрсетті. Ресей адвокатура және нотариат академиясы Медиация институтының директоры, Халықаралық орыс тілді адвокаттар қауымдастығы (ХОАҚ) Медиаторлар одағының президенті, Ресей Федерациясы Әділет министрлігінің татуластыру рәсімдерін реттеуді жетілдіру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі Е.Н. Сенинаның сөйлеген сөзі шетелдік қатысушылар арасындағы қызығушылық танытты. Ол медиацияны қолдану арқылы шетелде жүрген Ресей азаматтарының дауларын шешу мәселелерін сипаттап, ХОАҚ медиаторлар одағының қызметі туралы айтып берді. Graham Massie Дауларды тиімді шешу орталығының (CEDR) директоры (Ұлыбритания) өз сөзінде Лондонда 30 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан Орталықтың қызметін баяндады. Орталықта медициналық дауларды шешу қызметі құрылды, өткен жылы медиация арқылы 400-ден астам іс қаралды және бұл көрсеткіш жыл сайын тұрақты өсіп келеді. Медициналық дауларды шешу кезінде медиацияны қолдану мәселесінде Украинаның тәжірибесімен Киев қ. халықаралық медиация орталығының директоры, Украина адвокаттарының ұлттық қауымдастығының Еңбек құқығы жөніндегі комитетінің төрағасы, адвокат В. В. Полищук бөлісті. Ол, атап айтқанда, медицина мекемесінің әр басшысы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қызметкерлер орындауға міндетті болатын жанжалдарды шешу қағидаларын әзірлеуге және бекітуге қамқорлық жасауы керек екенін атап өтті. Мұндай құжаттар Украинаның денсаулық сақтау саласындағы жанжалды жағдайларды едәуір азайтады. Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Б.Ә. Тәжібай пациенттердің құқықтарын қорғау және дауларды шешудің қолжетімді тәсілі ретінде олардың медиацияға сенімін арттыру мақсатында «AQNIET кәсіподағының медициналық адвокаты» жобасын іске қосу жоспарланып отырғанын айтты. «Медицина  ұйымдарының қазақстандық альянсы» РҚБ атқарушы директоры Р.К. Сатыбалдеев медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғаудың кейбір аспектілеріне, атап айтқанда, кәсіби жауапкершілікті сақтандыру мәселелеріне тоқталды. «Астана медицина университеті» КеАҚ жанындағы «Татуласу орталығы» татуластыру орталығының жұмыс тәжірибесі туралы «Астана медицина университеті» КеАҚ жанындағы «Татуласу орталығы» татуластыру орталығының басшысы, «Халықаралық медиация институты» жекеменшік мекемесінің директоры, кәсіби медиатор-практик Ж.Ж. Үсіпбекова айтыпберді. Ол елордалық Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп «Пациенттер мен медицина персоналы арасындағы жанжалды азайту бойынша медицина ұйымдарының рейтингі» пилоттық жобасын іске қосуды ұсынды.  Дөңгелек үстел барысында медициналық құқық және этика кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Ж.О.  Тілембаева қорытынды сөз сөйледі. Өз сөзінде ол медиация орталықтарын құру өмір талап ететін маңызды әлеуметтік инновация болып табылатынын атап көрсетті. Медициналық жоғары оқу орындарының жанынан осындай орталықтарды құру қажеттілігі денсаулық сақтау қатынастарына қатысушылар арасындағы жанжалды жағдайларды шешудің заманауи балама технологияларын игерудің шұғыл қажеттілігіне байланысты.  Іс-шара шеңберінде «Астана медицина университеті» КеАҚ және «Халықаралық медиация институты» жекеменшік мекемесінің «Қазақстанның медицина  ұйымдарының альянсы» РҚБ-мен және Ресей Федерациясының орыс тілді адвокаттарының халықаралық қауымдастығының медиаторлар одағымен және Ұлыбританияның дауларды тиімді шешу орталығымен (CEDR) онлайн форматта ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жолданатын ұсыныстар әзірленді.