Алматының қақ ортасында тұрса да пешке от жағып, даладағы әжетханаға баратындар әлі де бар. Жуық арада осындай отбасылар тұратын мыңнан астам тозығы жеткен үй сүріліп, жаңа баспана салынбақ. Алайда бұл бағдарлама тұрғындардың барлығынан қолдау тапқанда ғана жүзеге асады екен. Бұл туралы
Newsroom+ақпарат агенттігі
«Еуразия» бірнші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Қыста от жағамыз, мына суық суға жуынамыз. Газға болғанда балонмен алып келетін сонымен тамақ пісіреміз». Мамытхан Тәңірбергенұлы Алматыда тұрады деген аты болмаса 30 жылдан бері көмірмен от жағып, даладағы әжетханаға барып, қажетін өтейді. Өткен ғасырда салынған үйде ыстық су, кәріз құбыры, орталық жылу жүйесі деген атымен жоқ. Қауіпті болса да балондағы газды пайдаланады. Ширек ғасырдан астам уақыт "қай күні үйінді астында қаламыз" деген үреймен өміп сүріп келеді. Тұруға қолайсыз болғандықтан баласы немерелерімен бірге пәтер жалдап тұрады екен.
Алматы қаласында тұрып жатқан елдер ыстық су, суық су жаңағы жатқан жерлері блаугоустройенный дейді ғой. Біздің жағдайымыз мынандай қандай благоустроенный?! 30 жыл бойы пешке от жағып келдім", дейді Мамытхан ТӘҢІРБЕРГЕНҰЛЫ, қала тұрғыны.
Алматыда өткен ғасырдың 30-шы 75-ші жылдары аралығында салынған 1 400-ден астам екі қабатты үй бар. Халық арасында "Сталинка", "Хрущевка" аталып кеткен бұл нысандарды алдағы 4 жыл көлемемінде бұзып, тұрғындарын жаңа баспанамене қамтамасыз ету көзделген. Үйлердің басты проблемалары сейсмикалық, өрт қауіпсіздігіне сай келмейді. Инженерлік желілері жоқ. Тұрғындар баспаналарын сүруді жылдар бойы күтумен келеді. Мұнда тек егде жастағы тұрғындар ғана қалған. Ең болмаса қартайғанда жөні түзу үйде тұрсақ деп армандайды.
Әкімдікке қанша рет жаздық , бармаған жеріміз қалмады. Біздің жанайқайымыз билікке жеткенін қуаныштымыз. Осы жерден көшетінімізге қуаныштымын. Үйіміз қисайып, қыста суық, жазда ыстық . Кәріз жүйесі, жылу жүйесі жоқ", дейді Алиса УСОВА , қала тұрғыны.
Қала бойынша тозығы жеткен 1 427 үй анықталған. Атап айтқанда:
Алатау ауданы -104
Алматы ауданы-126
Әуезов ауданында -76
Бостандық ауданында -264
Жетісу ауданында -163
Медеу ауданында-60
Наурызбай ауданында -27
Түркісіб ауданында -607.
Бірінші кезекте 708 үйді бұзу көзделуде. Жалпы бұл бағдарлама инвесторлар есебінен жүргізілетіндіктен кей аумақтарға қызығушылық жоқ. Өйткені кейбір баспаналар "қызыл сызықтың" бойында тұр. Әрі орналасқан аумағы тартымды емес. Сондықтан бұл үйлерді жаңасына алмастыру кейінге шегерілуі ықтимал.
Бұл жерлерге 5 қабатты үйлер салу көзделуде. 211 пәтерлі 11 үй салу жоспарлануда. Мұнда инвесторлар келмейді. Бағдарламаға сай бұл аумақ бюджеттен қаржыландырылатын 250 үй тізіміне кірген. Оған қазына қаражаты қажет. Әзірге бюджеттен қаржыландыру мәселесі шешілген жоқ. Сондықтан тұрғындарды көшіріп, құрылыс жұмыстарын жүргізу жағы қашан жүзеге асырылатынын айта алмаймыз», деді Қанат Әлбеков: «Алматы» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының атқарушы директоры.
Тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы пилоттық жоба ретінде 2012 жылы басталып 3 жылда 50 үй бұзылып, орнына 63 жаңа ғимарат салынған. Нәтижесінде ескі үйдің тұрғындарымен бірге кезекте тұрған отбасылар да жаңа баспанаға қол жеткізген. Айта кетейік тұрғындарға үйлері қанша бөлме болса жаңа салынған көпқабатты үйлерден сонша бөлмелі пәтер беріледі. Артық шаршы метр үшін қосымша ақша төлемейді.
https://www.youtube.com/watch?v=tro5HYfKWvQ&t=3s