Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 мамыр, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Әділ Ахметовтың бірқатар еңбектерінің таныстырылымы өтті

Әділ Ахметовтың бірқатар еңбектерінің таныстырылымы өтті

Әділ Ахметовтың бірқатар еңбектерінің таныстырылымы өтті
ашық дереккөзі
 width= Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық Түркі академиясының  және Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, Түркі кеңесі Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, мемлекет және қоғам қайраткері Әділ Ахметовтың бірнеше жаңа кітабының тұсаукесері өтті.  Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Халықаралық Түркі академиясының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өткен шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, ҚР Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері,сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен танымал ғалымдар қатысты.  width= Алқалы жиынды Академия басшысы Дархан Қыдырәлі жүргізіп отырды. Жаңа кітаптарды таныстыру рәсімін кіріспе сөзбен ашқан Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Ә. Ахметовтың  отандық ғылымның дамуына қосқан еңбегін ерекше атап өтті. Жиын барысында Әділ Аметовтың «Түркі әлемінің ырым-тыйымдары»,  «Уроки столетия» және «Бұрынғы америкалық «үндістердің» алтайлық тегі»  атты ғылыми еңбектері таныстырылды.  width= Халықарлық Түркі академиясы әзірлеген «Түркі әлемінің ырым-тыйымдары» атты монографияда автор түркі халықтарының түрлі тыйымдары мен тыйымдық қағидаларға негізделген жосын-жоралғыларын, әдеп рәсімдерін жан-жақты сараптап, тыйымдық ұғымдардың түсіндірме сөздігін ұсынған. Ал «Уроки столетия» кітабына жаһанданған әлемнің геосаяси келбеті мен егемен еліміздің әлемдік геосаясаттағы дара жолын айшықтайтын сараптамалық мақалалары топтастырылған. Сонымен қатар, ғалымның «Бұрынғы америкалық «үндістердің» алтайлық тегі» атты кітабында алғашқы америкалықтардың арғы тегі ғана емес, мәдениеті де Еуразия кеңістігімен, соның ішінде Орталық Азия аймағымен сабақтас деген батыл тұжырымдар жасалған.