«Еуразия» бірінші арнасындағы «Пендеміз ғой» бағдарламасының кейіпкері Гүлден Қоңыроваға шұғыл бүйрек қажет. 15 жасар қыз, туылғалы түрлі дертпен арпалысып келеді. Анасының аяғы ауыр кезде, дәрігерлер оның ауру екенін біліп, алдырып тастауға кеңес берген екен. Алайда ана жүрек мұндай қадамға бара алмаған.
2015 жылы маған Қарағанды қаласындағы дәрігерлер «...сізге тууға болмайды, балаңыз ауыру болады»- деді. Бірақ мен үйдегі қызыма серік керек, дәрігерлер айта береді ғой деп тудым. Сенбедім. Алайда дәрігерлер алдамапты. Ауыру болып туылды. Баланың басы күн санап өсе береді деп ескертті. Алғашқы қатты қиналып талмасы ұстайтын кездер 4,5 айдан басталды. 15 жылдан бері қызымның қатты қиналып кеткен шақтарында неге тудым деп ойланамын. Дәрігерлерді тыңдау керек еді. Ешкімнің ала жібін аттамап едім, кезегіміз келіп, донор табылып қалар деп те өзімді жұбатамын»-деді Гүлденнің анасы.
Біз күнделікті өмірде жұмыс уақытының аяқталғанын күтеміз, кейде қонақты күтеміз, сағатқа қараймыз, минуттарды санаймыз.
Ал ұзақ уақыт бойы жүректі, бүйректі, өкпені күтіп жатқан адамдар уақытты қалай өткізеді екен? Олар қалай үміттенеді?
5 уақыт намазымдай ішімдегі дәріні тәулігіне 5 рет ауыстырып отырамын. Анама қатты ашуланамын, менің өмірімде неге нүкте жоқ? Неге жазылып тынбаймын не, өліп тынбаймын! Қиналамын. Бір ауру берсе шыдаймын ғой. Неге маған 4 ауру берді екен? Анамнан тығылып өзіме пышақ сұққым келген кездер болды. Бірақ өзімді тоқтаттым. Алдымен жазылғым келеді. Мен Алладан соны ғана сұраймын. Басқа ештеңе керек емес. Бұл сынақты маған Алла беріп отыр емес пе? Сол себепті мешітке келіп одан ауыруға шыдап беруге жеңіл жол сұраймын. Күтіп шаршадым, тағы қанша күтемін?»-деді донорға мұқтаж Гүлден Қоңырова.
Айлығыңды бастықтан сұрайсың. Тамақты жарыңнан не анаңнан сұрайсың, киерге киімің болмаса ағайын-туыс, бауырдан
сұрайсың ал біреудің жүрегін қалай , кімнен сұрайсың?
Мәйіттен жүрек сұрауға болады бірақ жауап ала алмайсың. Біздің елдегі заң рұқсат етпейді мәйіттің мүшесін алу үшін алдымен оның туған-туыстарынан рұқсат алу керек. Мендегі бала тапқаннан кейінгі жүрекке түскен салмақтан пайда болған ауыру. Мен мына аппараттың күшімен бесінші жыл өмір сүріп келем. Бірақ, бұл құрылғының жарамдығы 10 жыл ғана. Шет елде 15 жылға жарамды аппараттар бар дейді. Ал бізде ондай жоқ. Енді бес жыл уақытым қалды. Егер осы аралықта жүрек доноры табылмаса мен қыздарымның үлкен болып өскендерін көре алмаймын деген сөз...»- дейді жүрек донорына мұқтаж Жауқазын Зейнуллаева.
Қазақстанда 3 418 адам түрлі донорлық кезек күтуде. Оның 101-і бала.
3 025 адам бүйрек алмастыру отасына мұқтаж болса, 135 жанға бауыр, 134 адамға жүрек қажет екен. Биылғы жылдың алғашқы үш айында трансплантологияға мұқтаж 63 пациент донор табылмай көз жұмған.
«Пендеміз ғой» бағдарламасының кезекті кейіпкерлеріне жүрек, бүйрек қажет.
https://www.youtube.com/watch?v=67ZX10Q9IgQ&list=PL_blKZJ1z0cB8IBc-AIBDpq4t4WJGRpO0