Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
14 мамыр, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Ауруды емдейтін ән 

Ауруды емдейтін ән 

Ауруды емдейтін ән 
ашық дереккөзі
 width= «Құлақтан кіріп, бойды алар, әсем ән мен тәтті күй». Ән тыңдамайтын адам өмірде кемде-кем шығар. Бірі көңілді жүру үшін ойнақы, ырғақты әуендер тыңдаса, енді бірі керісінше баяу, лирикалық әндерді ұнатады. Ал музыка адам дертіне шипа бола ала ма? Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ғалия СЕЙДАЛИЕВА, дәрігер Осы үлкен неврологиялық орталықтарда өте ауыр дәрежедегі балаларға, яғни, мәселен дцп деп айтып жатады. Орташа ауқымдағы аутизм сондай ауруларға балалардың психологиялық дамуына, яғни нерв жүйесін тітіркендіру арқылы сол аурулардың жеңіл түрде өтуіне, одан бөлек баланың зейін қоя білуіне, баланың әрі қарай да дамуына прогрес ретінде дамуына қандай да бір пайыз көмегі беріледі». 
Иә, бүгінгі отандық медицина музыканы адам денсаулығын жақсартатын емдік тәсіл ретінде енді қолдана бастады.  Ал түркі-ислам әлемі әннің дертке дауа екенін 9 ғасырда дәлелдеген еді. Десе де әннің естісімен қатар есері барын ескерген жөн. Ендеше көпшілік қандай ән тыңдайды? Сауалнамадан байқағанымыздай көпшілік көңілді ән тыңдауға құмар. Десе де лирикалық әуендерді жаны қалайтын жандар да бар. Әсіресе кейбірі мұңайған сәтте баяу әндерден дертіне дауа іздеп жатады.  Ал мұндай әрекет адамды одан әрі күйзеліске итермелемей ме?
Ұлпан ТУЛЕМУРЗИНА, Психолог Адамның ішкі түйсігінде, ішінде, жанында бір мұң, қиындық болып тұрған кезде адам сол нәрсені шығарып тастау керек қой. Сол сәтте оған әуен, музыка, ән себепші болып жатса оның щығуына ол міндетті түрде бірінші, ең алғашқысында мұңды әуендер тыңдап, ішіндегі срессовый состояние, депрессиясын шығарып тастау керек». 
Қалай десек те «ән - көңілдің ажары». Ол адам жанын емдеп қана қоймай, түрлі эмоция сыйлай алады. Алайда есті әуен ғана жанға қуат, дертке шипа боларын естен шығармаған жөн.  https://www.instagram.com/p/CO1vnINFscA/