Орыс басылымдары Мұстафа Шоқайды «сатқын» деп ақпарат тарата бастады

Орыс басылымдары Мұстафа Шоқайды «сатқын» деп ақпарат тарата бастады

ашық дереккөзі

 width= Алаш арыстарының идеологиясы мен ерліктері туралы кейінгі ұрпаққа дейін үзбей айтып, оларды дәріптеп келеміз. Себебі олар еркіндікке тек саяси көзқараспен емес, ағартушылық бағытпен де ұмтылды. Әр алаштықтардың артында бір-бір еңбек, аңыз бен шындық қалды. Соның ішінде шоқтығы биік тұратын, биыл 80 жыл толатын Мұстафа Шоқай. Мұстафа Шоқайдың ерлігі мен еңбегі, ұлт үшін жасаған жақсылығын халық жоққа шығара алмас. Алайда соңғы бір апта ішінде көрші Ресей елінің басылымдары оның сексен жылдығын тілге тиек етіп келіп, ол туралы теріс ақпарат таратуға, жаппай жамандауға көшкен. Ритм Евразии басылымы жазған мақаланы Эхо Казахстана басылымы да бөліскен. Басылым материалдың тақырыбын «В Казахстане кое-кому явно нужно привика шокаефилии» деп берген және  бірнеше бөлікке бөлген. Атап айтқанда, «исторический крен», «Хан Шокай», «Пан Шокай», «Герр Шокай». «Исторический крен» бөлімінде Алтыншаш Нұрғожина туралы айтылып, оның мектеп қабырғасында оқылмайтыны, оның ерліктері аталмайтыны туралы жазылады. Ал сол бөлімде Мұстафа Шоқай туралы сөз болып, оның атағын биік тұратынын, тым әсіре дәріптейтін қазақ қоғамын кінәлауға әкеледі. «Хан Шокай» бөлімінде Мұстафа Шоқайдың шыққан тегі туралы жазылады. Одан бөлек оның Түркістан үшін күресі, митингтерге қатысуы, қоғамда белсенді болуы секілді жайттарды қозғаған. Сыртқы істер министрінен, үкімет басына келуіне дейінгі жолды да көрсеткен. Осы жерде мақала авторы М. Шоқайдың Осман империясына ұқсас жарты ай мен бес жұлдыз белгіленген байрақты көтергенін айтады. Мақала авторы Мұстафа Шоқайдың «Әр түріктің жер бетінде екі отаны бар: бірі – оның туған жері, екіншісі – Түркия» деген сөзін келтіреді. 1918 жылдың қаңтарында Қоқан үшін күрес кезінде оның қашып кеткенін жазып қана қоймай, басылым оны «тәуелсіздік үшін күрескерлерің» дегенге келтіреді. «Пан Шокай» бөлімі. Мұнда автор Мұстафа Шоқай 1921 жылы Стамбұлда бір ай болғаннан кейін Парижге көшіп, орыс-демократ достарымен бірігіп Кеңес үкіметіне қарсылықты алыстан жасауды мақсат тұтты дегенге әкеледі. Антисоветтік гранттарды іздеп, солармен сабылды деген ойды да жазады. «1926 жылы Париж көшелерінің бірінде М. Шоқай түркістандық танысы Тадеушем Голувконы көріп қалады, ол оны жаңадан ғана құрлып жатқан «Прометей» саяси блогын алып келеді. Ал бұл блокты Польшаның әскери күштер генерал-инспекторы Юзеф Пилсудски қаржыландырады. Жаңа жобаның түпкі мақсаты Польшаның стратегиялық жағдайын нығайтып, Ресей мен Германияның шекараларын поляк этникалық өзегінен алшақтататын Междуморье конфедерациясын құру болған», - деп жазған басылым, дәл осы жерде  Мұстафа Шоқайдың орыс достарымен қарым-қатынасын үзгенін тілге тиек етеді.  Бұдан бөлек, М. Шоқайды он үшін жыл осы елде арнайы жасақта қызмет атқарып, 81 деген агент нөмірі мен полятың ақшасына сатылып кетті дегенді қосады. Мақала соңында Мұстафа Шоқай секілді адамдарды сатқын деп қаралап, оларды қорқақ, кім ақша береді соған сатылып кетеді, ал Қазақстанда оларды батыр ретінде дәріптейді деген ойды жазады.

Марғұлан АҚАН

Жүктелуде...