Түріктер үшін латынға ауысамыз ба?

Түріктер үшін латынға ауысамыз ба?

ашық дереккөзі

 width=

Латынға көшіп жатырмыз деп сүйіншілеп, таза түрікше сөйлеп отырған қазақтың қызы (суретте). Сонда деймін да: Түріктер үшін латынға ұмтылып жатырмыз ба? Құлдардың маскалары әлден шешіле бастады. Түріктен алған сауатыңды да ұрайын. Түріктен тіл үйрен, бірақ білім алу үшін емес, төсектес болуға тезірек түсінісу үшін. Түріктен алатын басқа ештеңелерің жоқ. Мынадан кейін латынға көшуге түбегейлі қарсымын!

Қазақтың таңбасы кирилл, себебі соңғы тоқтаған жері, әбден пісіп жетілген таңбасы осы кирилл. Соңғы тоқтаған дініміз ислам болса, соңғы тоқтаған әрі қайталанбайтын, ешқандай әліпбимен алмастыруға келмейтін таңбамыз кирилл. Кирилл болып та қала береді. Кириллмен де жаман болған жоқпыз, қаншама еңбектер жазылды. Кирилл орыстікі дейді. Латын ше? Қазақтікі ма? Жоқ. Жарайды, латынмен жазсақ білімнің қайнар бұлағы болып табылатын ағылшын тілін тез меңгереді екенбіз. Бірақ мен оны көріп тұрған жоқпын. Түріктермен жақындасу үшін латын керек болып жатқан сияқты. Латынға көшкеннен ағылшынша сайрап кетеді деу — шындықтан көрі бос қиялға көбірек ұқсайды. Ағылшын тілін үйрену үлкен білімді талап етеді, ал білімі бар адам латынды өз бетімен үйреніп, оқи алмай бәле көрініп па..? Ағылшын тілінде сөйлегісі келген қазақ, латынды өз бетімен-ақ үйреніп алады, маған сеніңіз. Оған бола бүкіл ұлтты дүрліктіріп, әліпби ауыстырудың қажеті жоқ. Халықтың сауатын ашамын деп, ал кеттікке салып әліпби ауыстыру — нақ сол халыққа жасалған қастандық, халықты сауатсыз қалдыру.

Түрік тілінде шүлдірлеген бір-екі қазақтың мейманасы тасып, мәз-мейрам болуы мүмкін, ондай типтегі адамдар қазақта бұрыннан да болған. Латынға көшуге желпініп, алақан сипап, өгізше жер тарпып тұрғандар орыстілді қазақтардың заманауи баламалары ғана. Кириллге мәжбүрлі түрде өткізген дейді, ал латынға ше? Латынға да мәжбүрлеп өткізіп жатыр ғой. Жоқ, латынға көшу — сауат ашу, білімді болу деп айтыңыз, тура осы сөзді бұрын кириллге көшіріп жатқандар да айтқан. Оның қай жері білімді болу? Білім әліпби ауыстырумен келмейді ғой. Бұрын орыстың ықпалына түсіп қалған соң лаж жоқтан кириллге көштік, ал енді кімнің ықпалында кеттік? Ағылшынның ба, түріктің ба? Бұл жерде қуанатындар ағылшын тілінде жетік сөйлейтіндер емес, олар біледі қазақтың ағылшын бола алмайтынын, ал білім алғысы келсе латынды былай-ақ оқып, ағылшынша үйрене алатынын. Бұл жерде бір қуанатындар түрік тілінде еркін шүлдірлейтіндер. Бірақ олардың не үшін латынға көшетінімізге қуанатындарын түсінсем бұйырмасын, қолдайды, тіпті насихаттайды, оның арасына түрік пен қазақты барынша жақын етіп көрсеткісі келеді (менің ойымша солар Түркиядан ақша алып отыр, бұл жай күмән, бірақ күмән иманнан айырады).

Алайда Мұқтар Шаханов сынды есі дұрыс ел ағасы о бастан қарсы шықты, мен де сол кездері қарсы болғанмын. Бірақ кейіннен ойым өзгеріп, латынға деген махаббатым ашылып, өзім отырып қазақ тіліне арналған латын әліпбиінің неше түрлі нұсқаларын жасап көрдім, ақыры пісіп жетілмеген соң бірінен кейін бірін әжетханаға тоғыта бердім. Бұл сөзіммен қазақ тілі үшін латынның неген ғана жарайтынын түсініп тұрған шығарсыз... Әжетханадан шығып ойлансам да, қазақ тіліне арналған идеальный латын әліпбиін құрастыру мүмкін екеніне еш көзім жетпей қойды. Ақылым әлі орнында екен. Себебі қазақ тіліне арналған идеальный таңба: осы бүгінгі қолданып жүрген кириллица екеніне әбден көзім жетті. Қайда барсаңыз онда барыңыз, қазақ үшін кириллден артық таңба жоқ. Сондықтан мен осы таңбамен мәңгілік біргемін, өле-өлгенше біргемін. Айтпақшы, Мұқтар Шаханов орыс тіліне қарсы болып, мыңмен жалғыз күрескен адам, бірақ кириллге тиіспеді. Себебі ол шынында да ұлтшыл адам. Қазақты тілінің ұшымен ғана, түрікше шүлдірлеп жақсы көрмейді.

Бақберген АРЫСЛАНБАЙ

Жүктелуде...