Әшімбаев пен орыс сарапшысының ашаршылық туралы ойлары сәйкестік пе?

Әшімбаев пен орыс сарапшысының ашаршылық туралы ойлары сәйкестік пе?

ашық дереккөзі

 width= Елордада өткен 1921-1922 жылғы ашаршылық пен 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың 90 жылдығына арналған жиында сенат спикері Мәулен Әшімбаев мәлімдеме жасаған болатын. Оның мәлімдемесінше, сол кездегі ашаршылық Кеңес Одағының құрамында болған елдердің барлығында болған. Бұл мәселені адамзатқа жасалған гуманитарлық қасірет екенін айтып, бірақ ашаршылық тақырыбын саясиландырмау керек екенін айтады.

«Сондықтан, ашаршылық тек қазақ халқының ғана басына түскен нәубет емес, бұл барша адамзаттың алапат гуманитарлық қасіреті деп айтуға болады. Сол себепті, ашаршылық тақырыбын саясиландырмай, ең алдымен, оған ғылыми тұрғыдан қарағанымыз абзал. Осы мақсатта шетел ғалымдарымен де бірлесіп жұмыс істеу маңызды. Міне, осындай кешенді жұмыстар арқылы ғана біз ашаршылық тақырыбына әділ баға бере аламыз деп ойлаймын», – деді Әшімбаев.
 Әшімбаевтың сөзінше, ашаршылықты бір ғана ұлтқа қарата жасалған қылмыс деп айтуға келмейді. Ол сол кездегі билік жүйесінің саяси қателігі.
«Соның салдарынан Қазақстанмен қоса, Украина, Беларусь, Молдова, Ресейдің бірнеше аймағы, оның ішінде Еділ бойы, Солтүстік Кавказ халқы аштыққа ұшырады. Ғалымдардың мәліметіне сүйенсек, 30-жылдардағы аштықта Кеңес Одағында жеті миллионнан астам адам көз жұмған. Осы тұрғыдан алғанда, аштықты белгілі бір ұлтқа қарата жасалған қылмыс деп айтуға келмейтін шығар. Бұл – ең алдымен, сол кездегі билік жүйесінің қате саясатының ауыр салдары», – деді сенат спикері.
Дәл осы айтылған ойдың ұшқыны, тіпті сәйкестігі орыс сарапшысы Сергей Смирновтың мақаласында да кездеседі.  Орыс сарапшысының айтуынша, Қазақстанда тарих дұрыс оқытылмайды, бұрмаланған деген ойға келеді. Бұдан бөлек Смирнов та ашаршылық тақырыбын көтеріп, онда былай дейді:
 "Геноцид деген не? Халықты, ұлтты, этникалық топты, діні бөлек топты қасқана құрту әрекеті. Ал Қазақстандағы ашаршылық пен геноцидті Ленин мен Сталин әдейі ұйымдастырған жоқ. Бұл – аяқ астынан, табиғат апаты мен ұжымды ұйымдастыруға жұмылған адамдардың надандығынан туған қайғылы жағдай. Ал қазақстан тарихында Ленин билігіне деген жек көру мен жағымсыз көзқарасты қалыптастыру идеологиясы жатыр. Ашаршылық кезінде Қазақстан ғана емес, Самар, Саратов, Оңтүстік Украина, Қырым, Башқұртстан, Поволжье бойы, Орал маңы – бәрі зардап шекті. Барлығы 35 губернияны қамтыған. Осы уақытта Еуропада да қуаңшылық болған-тұғын", - деп жазады мақала авторы.

Жүктелуде...