Шаш ал десе, бас алатын мамандар: Айқын "Хәрри Поттер" кітабын сынға алды

Шаш ал десе, бас алатын мамандар: Айқын "Хәрри Поттер" кітабын сынға алды

ашық дереккөзі

 width= Әнші Айқын Төлепберген Steppe & WORLD Publishing баспасының “Хәрри Поттер мен пәлсапа тас” кітабын сынға алды. Әнші терминдерді қазақ тіліне аударғандарға ашулы. Ол instagram- парақшасында осы туралы видео жариялады.

“Оқып отырған кітапқа қараңыз. Біріншіден, “Роулингті” “Роулиң” деп аударудың қажеті не?! Одан кейін “Хәрри” деп жазыпты, оны “Гарри” деп жаза салса болмай ма? Неге аттарды өзгерткен? “Пәлсапа тас” деген “философский камень” ғой. “Философия” деген халықаралық сөз, оны “пәлсапа” деп аударудың не қажеті бар?. Мынаны кім аударған? “Хәрридің бағына орай, Хәрмиона…” дегеннің орнына “Гарридің бағына орай, Гермиона…” деп қалдыруға болмай ма? Тілді құртып, қиындатып… Өзі әрең түсініп жатқан кітапты балама одан әрі қиындатқаны несі? Түсінбеймін осы. Шаш ал десе, бас алатын мамандар”, – деді Айқын Төлепберген желіге жариялаған видеосында.
 width= Әншінің сыны аудармашылар мен журналист, филологтар ортасында әзілге айналды.
«Сын айтқан адамға ары ойна деп жатыр екенсіз . КІТАП шығар кезде филилог мамандар жұмыс жасады. Сіздің мына видеоға тіл мамандары күліп жатыр. Мүмкін болса, видеоны өшіре салыңыз. Өзіңіз үшін сол дұрыс. Туған тіл- ана тіліміз ғой. Сіз туған анаңызды танымай, көзің неге қысық, бетің неге әжім деп отыған адам сияқты көрініп тұрсыз. Философияның қазақшасын да білмей отырсыз. Ең дұрысы, сол кітаптың орысшасын оқытыңыз» деді ақын, әдебиеттанушы Айнұр Төлеу.
«Аудармасы оте дұрыс, мамандар ағылшын түпнұсқасынан аударған. Ал сіз орысшасына құлағыңыз үйренгендіктен анайы болып естіліп тұр» деді қолданушылардың бірі.  

Жүктелуде...