Мерей Дінмұхаммедұлы: Майдан Ескене

Мерей Дінмұхаммедұлы: Майдан Ескене

ашық дереккөзі

 width= Мерей Дінмұхаммедұлының байқауға келіп түскен әңгімесі. Алматы қаласындағы IITU университетінің цифрлі журналистика факультетінің 1 курс студенті. «Алша», «Дала пафосы» еңбектерінің авторы. Жыл бұрын ғана ең лас, ең сасық ойлы, ең теңдессіз нақұрысты өз тұла бойынан сезінген Майдан, сол шақтан алдын ғана ғаламат дүниеде құлшылық атаулының нәріне қаныққан бәдуеиндей шөл дала шелінен пәк, тұмадай мөлдір-тұнық ойлы, ахилық ортада ширк аталынса да қазақы байыппен « Аллаға деген иманы тұмарындай...»,-  дәл осылайша асыра сілтеушілікті танып білмеген момақан, көңілі мұрынын кекірейітпеген жас сәбидей болған-ды. Иә, ол - Майдан. Неге Майдан? Өйткені оның ғұмыры ғашықтық ғазалаты, қоғам мен өз жақындары ортасындағы  антипатия, тұла бойындағы амбицияны жеңілмеудің қайталанбас тетігі еткен өзін асыра сүйгіштік секілді барлық сүрініс-құлау мен сәтсіздіктің, рухани шегінде толымсыз жеңістің уытын, өлең-шумақтарының оқуға тұрығысыз әлсіздігін, ой-санасының парқымен, 17 жылдық ғұмырындағы небір ессіздікті жасағысы келсе де батылы бармаған күш жігерінің шама-шарқымен дәл сол сәтті не депрессия, не периодты құлдырауға теңей алмаған жан күйзелісінің тереңдігінде, өз майданында  өзіне жеңіс сыйлай алмайтын күйге жетті. Майданның ойынша бәлкім оны жын ұрды, әлде сайтан алды. Әйтеуір өзінен басқа бар заты адам тіршілік күнәһарлар теңізінің не тамшысы, не қасиетсіздік шыңының құндақтары. Ол үшін пенде құрғырдың бәрі қарыздар сынды бәріне танауын шүдірейтіп мін таба қоятын күйге жетті. Оның пайымдауынша Напалеон Бородино түбінде балық аулап отырған есерсоқ, ақыл-есі толымсыз, тығыршықтай денелі. Наполеон қармағын нарка қапқандай ышқыра тұрып онымен бір бокалды сіміріуге жалтақтаушы еді. Майдан есімі оның нақсүйері емес, оның тағдыры сүйеніш таяғы. Бозбала бәлсінуді білмейтін, талапшылдыққа, ашығын айтқанда өрескелдігіне иланған. Адасушы! «Адасушы!» нақ солай атаған еді сәл кешеуілдеген тағдырда өз өзіне қолы жеткен – Майдан. Кез-кезгелген кәсіптің, әлемде бар мамандықтың, секунд санап толыққан саланың  барлығының кілті тек өзінде санады. Талант, дарындылық, өзінің біртуарлығына қараңғыдан алып сенім, оның бар игергені осы. Тіпті утопиясын да елестетуге тырыспады. Сәттердің бәрі сұрықсыздықпен ұласса, ең сұлу арумен үйлесе ме? Майданды майдан шырғалаңынан шығарған дәл осы сұрақ екені нақ. Мінсіздікті  әйелзатымен ұшастыру арқылы міншіл генерал райынан қайтқан тәрізді... Жоқ! Бәлкім қыз біткеннің балқыған тәнімен таң шырайын мағыналы етіп, кешқұрымда қылаңдаған ұшқынды сезінген болар дерсіз... Бірақ оны таңырқатқан сезім. Оның бойынан бір тапқаны да сезім. Сайыс алаңында сілкініс сарынын семіткен де, кездесу кешінде қайратын құм, бар талабын тұл еткен де сезімталдығы. Сонысына сыңар еткен Тәңірдің берген жүрегі. Қарақұрдымды кезіп, өбексіп өткен өмірін өлеңсіз сүзіп шығып өрімін ағытқан Майдан, майданын өз тарихнамесінде қауыртқа айналдырып ауылына жол тартты. Ол қабілеті жетсе де қылығына жығылмаған оқуын, көсегелі, «Көктебелі» қаланы артқа тастады, бірақ мәңгілікке деуге ендігі парқына жетпегенін сезген парасаты жетпеді...

27.12.2021 жыл

Жүктелуде...