Антарктиданың азаматтығын алғысы келген қазақ

Антарктиданың азаматтығын алғысы келген қазақ

ашық дереккөзі

 width= Антарктидада тұру мүмкіндігі мен азаматтағы туралы ойланып көрдіңіз бе? «Ақ паспорт» алудың талаптары қандай? Бұл сұрақтарға бүгінгі кейіпкеріміз жауап береді. Антарктида азаматтығын алуға үміткер  бакалавриатты этнография мамандығында, магистратураны экономика және бизнес саласында оқыған. Қазіргі таңда АҚШ-та инженер мамандығында оқып жатыр. Бірақ ол аты-жөнін жарияламауын өтінді. - Неліктен Антарктида? Антарктиданың азаматтығын алу туралы ой Американдық достармен дастархандас кезде пайда болды. Негізгі түп тамыры коронавирус пандемиясына байланысты карантинде бастау алды. Яғни әлемдегі ең таза ауа, адамы аз және изоляция жағынан ең жағымды жер деген кезде барша адамның ойына Антарктида келген шығар. Сол ойдан ой тізбеліп, Антарктидаға қалай көшу, оның қандай осал тұсы мен мықты жағы бар деген сұрақтар туындады. Антарктида - Жер планетасындағы ең жұмбақ әрі зерттелмеген материк. Құрлықтың ресми ашылуы 1820 жылы 28 қаңтарда болғанына қарамастан «Антарктида азаматтығы» ұғымы тек 2008 жылы пайда болды. Содан бері Антарктида паспортын алу мүмкіндігі пайда болды. Антарктида азаматтығын  алу туралы ақпарат  иммигранттар үшін өзекті бола бастады. Әрине, тұрақты Антарктида қысының қатал жағдайында иммиграция болмайды. Иә және ол жерде тұрақты халық жоқ болған да жоқ. «Ақ» деп аталатын төлқұжат алудың бірден-бір себебі – көп елге визасыз жүру мүмкіндігі екенін ескергеніміз жөн. - Антарктиданың азаматтығын алу дегеніміз – табиғатты қорғаушылар мен экологтардың қатарына қосылу. Бұрын осындай істермен айналысқансыз ба? Нұр-Сұлтандағы еріктілер ұйымының мүшесі болғанмын. Еріктілермен Шымкент пен Тараз сияқты қалалардағы әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға қатыстық. Ауылдық жерлердегі соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласының жанындағы Қоянды мен Қабанбай батыр елді-мекендерінде ағаш отырғызу сияқты істердің басы-қасында жүрдік. Осындай еріктілік әрекеттер өмірімде табиғатты қорғау, жалпы экологияға деген түсінік пайда болуына септігін тигізді. Әр адам ерікті болып қоғамға, оның дамуына және экологиясының жақсаруына өз үлесін қосуы керек деп ойлаймын.  width= - Шешім қабылданған кезде өтінім және барлық ілеспе құжаттар Жапония, Италия, Франция, Германия, Ұлыбритания, Канада елдерінің рұқсаты керек. Бұл қиындықты қалай шешесіз? Әрине, алдымен керек құжаттар тізімімен танысамын. Негізі 2008 жылы материктің қоныстануын және оның табиғи қорларын игеруді көздейтін ауқымды жоба идеясын дамыту басталды. Бұл тек жоғары технологиялық қана емес, сонымен қатар жаппай адами ресурстарды қажет етеді. Сондықтан мүдделі азаматтарға виртуалды Антарктиданың төлқұжаттарын беру идеясы қабылданды және қолдау тапты. Әрине, барлығына Антарктиданың азаматтығына кепілдік берілмейді - өте қатал талаптар бар.Өтініш берушіге қойылатын арнайы талаптары бар. Мысалы, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық. Бұл сіздің беделіңіздің кез келген көлеңкесі -  паспорт беруден бас тартудың маңызды себебі бола алады. Жас шектеулері: әйелдер үшін - 35 жас, ерлер үшін - 40 жас. Әртүрлі қолданбалы салалардан жоғары біліктілік деңгейі бар талапкерлерге - геологтарға, механиктерге, инженерлерге, дәнекерлеушілерге, дәрігерлерге және басқаларға артықшылық беріледі. Азаматтыққа жүгінген кезде болашақта Антарктидаға көшу үшін жазбаша келісімге қол қою қажет. Алайда келісім міндеттілікті білдірмейді - бәрі өтініш берушінің қалауына байланысты. Яғни бұрын істеген, қазір істеуіңіз және істейтін жоспарларды баяндап беру. Бір сөзбен айтқанда – өмірбаян. Оған бітірген оқу орынның білімі, жұмыс тәжірибесі мен жас ерекшелігі негіз болады. Біз бұл талаптарға сай келеміз. Сондықтан қиындық тудырмайды деп ойлаймын.  width=  - Антарктида азаматтығын алсаңыз, Қазақстан азаматтығынан бас тарту керек пе? Бұл жайында не білесіз? Кез келген мемлекеттің азаматтығын алсаңыз, заңға сәйкес екі елдің азаматтығы рұқсат етілмесе, біреуінен бас тарту керек. Қазақстан заңнамасына сәйкес қос азаматтық рұқсат етілмеген. Бұл іске баратын адамдардың барлығы Қазақстан азаматтығынан бас тарту бойынша ешқандай қиындықты кезіктірмеді. Егер Антарктикаданың азаматтығын алу бұйырмай қалса, елге қайтар едім немесе шет мемлекеттерге саяхаттаймын. Өйткені оның түп тамыры алыста жатыр. Мысалы, шет елдердің мәдени ерекшелігі немесе өзге төлқұжаттардан айырмашылығы  секілді мәселелер де бар. - Антарктидада  жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар ма? Ал сіз қай салаға барар едіңіз? Менің ойымша, техникалық мамандық болу керек. Соның ішінде қолданбалы мамандықтар: геологтар, дәнекерлеушілер және инженерлер. Осы континентте жұмыс негізінен белгілі бір мамандықтар мен қызмет көрсететін персоналдың жоғары білікті жұмыс күшін қажет етеді. Қаржыгерден бас тартуға болады, ал инженер бұрғылаушы, геолог, аспаз, жүргізуші, ұшқыш сияқты сәттілікке сене алады.Қазіргі ақпаратқа сәйкес Антарктида қауымдастығы жерді игеру барысында өздеріне тапшы мамандарды іздестіріп жатыр. - Әңгімеңізге рақмет!

Сұқбаттасқан: Динара Орынбекқызы

Жүктелуде...