Шетелдегі беделді қазақтар

Шетелдегі беделді қазақтар

ашық дереккөзі

 width= Этникалық қазақтардың әлемнің көптеген елдерінде жоғары лауазымдарға қол жеткізуі сирек емес. Біз танымал болған 10 адамнан тұратын рейтингі жасап көрдік. Ақ үйді бағындырған       2021 жылы қаңтарда қазақтың аруы АҚШ-тың жаңа президенті Джозеф Байденнің хаттама  бастығы болып тағайындалды. Әсел Робертс, тумысында Төленова, хаттама қызметінде  жұмыс істегеніне 15 жыл болды.  width= Әсел Төленова (басты суретте) 1976 жылы Алматыда дүниеге келген. 1993 жылы Джорджтаун Университетінің Дипломатиялық қатынастар факультетіне оқуға түсіп, оны Халықаралық құқық және ұйымдар бакалавриатымен бітірді. Бес жылдан кейін ол АҚШ Президентінің Хаттама департаментіне жұмысқа орналасты. 2014 жылы Әсел бөлім бастығының орынбасары лауазымына қол жеткізді. Қазақстанның тумасы, ол АҚШ азаматы Шон Робертске тұрмысқа шыққан,  қазақ, орыс және жапон тілдерін меңгерген. Ресей саясатының патриархы Ресейде көптеген этникалық қазақтар мемлекеттік қызметте және бизнесте жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Олардың ішіндегі ең танымалы - Аман Төлеев.  width= Аман Гумирұлы Төлеев (туғандағы тегі: Амангелді Молдағазыұлы Төлеев) 1944 жылы Түркімен КСР-нің Красноводск қаласында дүниеге келген. 2018 жылдан бастап ол Кузбасс аймақтық кәсіптік білім беруді дамыту институтының ректоры, сонымен қатар Кемерово облысы халық депутаттары кеңесінің депутаты. Төлеевтің әкесі, ұлты қазақ, майданда қайтыс болды, шешесі жартылай татар, жартылай башқұрт. Аман Төлеев Кемерово облысының заң шығару жиналысының төрағасы және Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің мүшесі болып қызмет етті. 1996 жылы Ресей Федерациясының ТМД-ға мүше мемлекеттермен ынтымақтастық министрі болып тағайындалды. Ол 1997 жылдан 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін Кемерово облысының губернаторы қызметін атқарды (2001 жылдың қаңтар-мамырында үзіліс жасап). Төлеев губернаторлық қызметті 20 жылдан астам уақыт атқарды. 2018 жылдың сәуірінде ол өз еркімен жұмыстан кетті, бұл жағдайды әдетте Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» сауда-ойын-сауық орталығындағы қайғылы оқиғамен байланыстырады. «Отан үшін сіңірген еңбегі үшін» орденінің толық кавалері. «Forbes» тізіміндегі әйел Гүлжан Талапқызы Молдажанова - 2012-2018 жылдар аралығында «Базовый элемент» компаниясының бас директоры, сондай-ақ 2009-2012 жылдар аралығында ЕСН корпорациясының бас директоры.  width= Гүлжан Молдажанова 1966 жылы Алматыда дүниеге келген. 1989 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетін үздік бітірді Киров. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқыды, кандидаттық диссертациясын 1993 жылы қорғады. 1998 жылы Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы академиясының халықаралық экономикалық қатынастар факультетін бітірді. 2001 жылы Антверпен Университетінің Бизнес мектебін және Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Ресей Ұлттық экономика және мемлекеттік басқару академиясының Бизнес және іскери басқару институтын бітірді (Executive MBA, үздік диплом). 1995 жылы Олег Дерипаский құрған  Алюминпродукт компаниясына хатшы қызметіне орналасты.  2000 жылдан бастап  2004 жылға дейін  «Русский алюминий» компаниясында басшылық қызметтер атқарды. Одан кейін «Базовый элемент»  компаниясының бас директоры лауазымына тағайындалды, содан кейін 1990 жылы  Григорий Березкин құрған ЕСН корппорациясының бас директоры болып орналасады.  2009 жылы  «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор ретінде сайланады.  2008 жылы «Forbes» американдық іскерлік журналдың бағалауы бойынша  Гұлжан Молдажанова әлемнің ең ықпалды 100 әйел тізімінде  37-ші орынды иеленді, бұл тізімде ол АҚШ-тың бірінші ханымы Лору Буш пен Ұлыбританияның ханшайымы Елизавета ІІ басып озды. 2011 жылы  Гүлжан Молдажанова «Ресейдің жүз ықпалды әйелдерң» рейтингісіне енгізілді.  Путиннің ас әзірлеушісі 2015 жылдың сәуір айында Ресей Президенті әкімшілігінің Қоғамдық тамақтану басқармасына басшы болып этникалық қазақ Болат Закарьянов тағайындалды.    width= Бұған дейін Закарьянов Краснодар өлкесіндегі Геленджик курорттық қаласының заң шығарушы жиналысының төрағасы, кейінірек Ресей Федерациясы Президент Әкімшілігінің «Рублево-Успенский демалыс кешені» федералдық мекемесінің бас директоры қызметін атқарды. Кешенге Мәскеу аймағындағы ең жақсы пансионаттар кіреді: Петрово-Дальнее, Архангельское, Успенское, Горки, Барвиха, Жуковка, Николина Гора, Усово, Ильинское және Маслово. Баспасөз ақпараттарына сүйенсек, Болат Закарьянов - бұрын Павлодар облысы әкімінің орынбасары және Петропавл қаласының әкімі қызметтерін атқарған Төлеген Закаряновтың ағасы. Сондай-ақ Болат Закарьянов Алексей Навальныйдың «Геленджик түбіндегі Путин сарайы» туралы фильміне қатысты.    Еуропадағы жетістік Қазақстанның тумалары еуропалық толеранттылық құндылықтарымен бөлісіп қана қоймай, өз мансабын солардың негізінде құрайды. Жамиля Алмасқызы Стехликова (тумасында Ордабаева) - чех саяси қызметкері. 2007-2009 жылдары ол адам құқықтары және азшылықтар министрі және Чехия үкіметі адам құқығы кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.  width= Жамиля Стехликова 1962 жылы Алматы қаласында сәулетші Ордабаев Алмас Баймұханұлының және бұрынғы КСР білім министрі Сембаев Әбдіхамит Ибнеұлының қызы, химик Сембаева Рауза Әбдіхамитқызының, отбасында дүниеге келген. 1988 жылы күйеуі Милослав Стехликпен бірге Чехословакияға қоныс аударды. Стехликова Чехияның ұлты  чех емес тұңғыш үкімет министрі болды. Сығандар ұлтының азаматтары мен әлеуметтік жағынан әлсіз адамдардың тұрғылықты жерлерінде әлеуметтік интеграция агенттігін құрды. Әділет министрлігімен бірлесе отырып, сталкингке қарсы және «Теңдікті қамтамасыз ету туралы» заңдарының жобаларын әзірледі. Кейіннен Жамиля Стехликова Либералды-Экологиялық партияға қосылып, 2014 жылы құрылтай съезінде басшылыққа сайланды. Ол сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі мемлекеттік үкімет кеңесінің жыныстық азшылықтар жөніндегі комитетінің мүшесі. 2016 жылы ол ЛГБТ құқықтарын қорғауға қосқан үлесі үшін марапатталды. Біздікілер Күн шығыс елінде ҚХР-да көптеген қазақ диаспоралары орналасқан, олар өз қатарларынан жеткілікті дәрежеде ықпалды адамдарды ұсынады. Олардың арасында Жаңәбіл Смағұлұлы да бар. Смағұлұлы 1934 жылы Қытайдың Алтай аймағында дүниеге келген, ол Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының (ШҰАР) саяси кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеген. Асхат Керімбайұлы, тағы бір этникалық қазақ, 1947 жылы Шыңжаңның Іле аймағында дүниеге келген, Іле-Қазақ Автономиялық Округін басқарған, ШҰАА халық үкіметі төрағасының орынбасары болған және Шыңжаң саяси консультативтік кеңесінің төрағасы болған. 2002 жылы қазанда ол Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайында ҚХР делегациясын басқарды. Баспасөз мәліметтері бойынша, 2004 жылы ол Қытай Коммунистік партиясының Орталық Комитетіне енгізілді. Монғолия: дипломаттық қызметкерлер Моңғолияда тұратын көптеген этникалық қазақтар сәтті саяси мансапқа қол жеткізді. Бұл, мысалы, өз елінде де, Қазақстанда да танымал Сұлтан Тәукейұлы. Кезінде ол Моңғолияның Мажарстан мен Австриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды. Сонымен қатар, Моңғолияның Мысырдағы (Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Оман, Катар, Бахрейн, Израиль) төтенше және өкілетті елшісі Сайран Кадырұлы туралы ұмытпауымыз керек. Бұдан басқа,  Сайран Қадырұлы «Қазақ» қорының төрағасы және Моңғолия мұсылмандары ұйымын басқарады. Қадырұлы туралы қазақ баспасөзі бірнеше рет жазған болатын, әсіресе шетелдегі қазақ бірлестіктерінің мәселелері туралы. 2013 жылы БАҚ Сайран Қадырұлына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Әңгіме  Қазақстанның пайдасына тыңшылық жасау туралы болған. Алайда, ақпарат көздері көрестіп отырғандай, Қадырұлы өзінің кінәсіз екенін дәлелдеді.  Жоғары лауазымды қауіпсіздік қызметкері Өзбекстанда 1951 жылы Ташкент облысының Чиназ ауданында дүниеге келген Құдайбергенов Тұрсынхан Айдарұлы айтарлықтай мансаптық жетістікке қол жеткізді.  Құдайбергенов Өзбекстан Республикасы Қарулы Күштерінің генерал-лейтенанты, 2016 жылдан бастап Президенттің мемлекеттік кеңесшісі, 2018 жылдан бастап Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрі. Сонымен қатар 2010 жылдан бастап Министрлер Кабинетінің мүшесі, сенатор (2005-2010 жылдары және 2020 жылдан бастап). 1974 жылы Низами атындағы Ташкент педагогикалық институтын, ал 1982 жылы - КСРО Ішкі істер министрлігі академиясын (қазіргі Өзбекстан ІІМ Академиясы) бітірді. 2016 жылы Тұрсынхан Құдайбергенов президент Шавкат Мирзиеевтің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысқа жетекшілік ететін мемлекеттік кеңесшісі болып тағайындалды. 2001 жылдан бастап 2006 жылға дейін ол президент Кәрімовтың тұсында да осындай қызметті атқарды. Құдайбергенов «Дустлик» орденімен, ал Қазақстаннан - «Достық» орденімен марапатталды.

орысшадан аударған: Алма БЕКЕТОВА

Дереккөз: Turan press

 

Жүктелуде...