Ақтөбеде қорымнан көне кітаптар табылды

Ақтөбеде қорымнан көне кітаптар табылды

ашық дереккөзі

 width=

Ақтөбеде қорымнан көне кітаптар табылды. Мешіт имамдары мен мұражай қызметкерлері араб тілінде жазылған еңбектерді құнды жәдігерге балап отыр. Шамамен екі ғасыр бұрын жарық көрген кітапта не жазылған? Қойшылар тапқан еңбекті бейітке апарып жасырған кім? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Бұл  бәрі қатып қалған, үстінің бәрі тоң болып қатып қалған. Топырағымен кесіп алдық мынадай ғып... Серік Әбдіжәми - құнды кітаптар табылған Тасөткел ауылының тумасы. Араб тіліндегі кітаптар оның қолына жуырда тиген. Айтуынша, бейіттен 4 кітап шыққан. Тарихи еңбектер 1963 жылы басылған газетке оралған көрінеді.

Серік Әбдіжәми, Тасөткел ауылының тұрғыны: «Қасым деген жігіт қой бағып жүрген кезде ат үстінде тұрған ғой. Моланың басында бір нәрсе жылт-жылт етті дейді, шағылысып, сосын бұл не екен деп барған ғой. Барса, мына кітаптар жатыр дейді. Мына кітап жылтылдайтынға ұқсай ма, мысалы? Үсті топырақпен көміліп жатқан нәрсе. Содан ол шауып ауылға барған, ағасына айтқан. Екеулеп келіп қарап, кітаптың үстін шүберек тауып алып, үстін жауып, таспен бастырып қойған ғой. 2019 жылдың жазында қайта көмген, содан 2020-ның қысында алып отырмыз». Екі жыл бұрын табылған кітапты бейіт басынан алып кетуге ауыл тұрғыны жүрексінген. Кейін Серік бас болып, қорым басында Құран бағыштап, сонан кейін кітаптарды облыс орталығына алып келіпті. Көне жәдігер облыстық өлкетану музейіне тапсырылды. Ғалымдар мұқият зерттейтін болады. Ләззат Нұркеева, облыстық тарихи өлкетану мұражайының бөлім меңгерушісі Аударма: «Бұл кітаптардың нақты қай уақытта жарық көргені әзірге белгісіз. Шамамен 19 ғасырдың соңы, 20 ғасырдың басы болуы мүмкін. Атемизм дәуірінде адамдар араб тіліндегі кітаптарды үйінде ұстауға қорқатын. Тіпті, еңбектерді сақтап қалу үшін «КПСС тарихы, социализм тарихы» деген еңбектердің мұқабасын қаптап қойған жайттар да болған». Мұражай мамандары 19 ғасырдың аяғында жарық көрген болуы мүмкін десе, мешіт имамдары одан ертеректегі еңбек болуы мүмкін екендігін айтады. Төрт кітап бізге Таратстан , Өзбекстаннан келуі мүмкін деген болжам айтты.

Төлеби Оспан, облыстың бас имамы: «Бұл мына өзіміздің дәстүрлі ханафи мәзхабында кеңінен қолданатын еңбектер екені көрініп тұр. Дәлірек айтқанда, фикх, яғни шариғат мәселерін қамтыған кітаптар. Талақ, неке мәселелері, намаз, ораза, т.т, жалпы, мұсылманның күнделікті тыныс-тіршілікте орындайтын шариғи шарттарын, міндеттерін қамтыған еңбектер екені көрініп отыр. Арасында бір кітап араб тілінің грамматикасын қамтыған еңбек екені белгілі болды.» Облыс орталығынан 200 шақырым жердегі қорым арасынан табылған кітаптарды өңдеу үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы сирек кездесетін кітап және қолжазбалар орталығына жіберіледі. Кейін Ақтөбедегі «Руханият» мұражайына қойылмақшы.

Жүктелуде...