Температураңызды кімге сеніп өлшетіп жүрсіз?

Температураңызды кімге сеніп өлшетіп жүрсіз?

ашық дереккөзі

 width= Көпшілік жиналған ғимаратқа кірерде қолымыз немесе маңдайымызды белгілі құралға тигізіп, температурамызды өлшетіп аламыз. Алайда осы процедура бізге қаншалықты қажет? Тіпті, кей кездері осы құрал дене температурамызды шынымен өлшеп тұр ма деген күдік те ұялайды бойымызда. Оның пайдасы қандай, зияны бар ма? Біріншіден, әр өлшеу құралдары (пирометр, тепловизор) өз қолданатын мақсаты үшін бірнеше талаптарға жауап беру керек.  Ол қолдануға қажетті дәлдігі,  қажетті өлшеу диапазонында жұмыс істеуі. Қазіргі медицина саласында адам температурасын өлшеуге қателігі  0,2 градус  немесе 0,1 градус қателіктен аспайтын термомометрлер қолданылады. Ал жаңағы айтқан тепловизорлар мен терометрлердің ең дәл көрсететіндері 1 градустан асады. Сонда ең дәл деген өлшеу құралының өзі адамның температурасын шынайы көрсете алмайды. Мысалы сіздің қалыпты 36,6 градус температураңызды бұл құралдар 35,6 мен 37,6 градус арасында көрсете береді. Екіншіден, әр өлшеу жүргізу процедуралары өзінің ережелеріне сай жүру керек. Мысалы медицинада кең таралғаны адам денесінің температурасын қолтық астына термометр қою арқылы өлшеу. Ал ғимараттарда қойылған термометрлер адамның маңдайына не білегіне тақап сол жерден информация алуда. Ал медициналық мағлұматтарға байланысты адамның қоршаған ортамен байланыстағы тері бетіндегі температура 33-34 градустан аспайды. Бұған адамның сырттан, яғни салқын жерден кіргенін есептесеңіз ешқандай дәл көрсеткіш болмайтыны анық. Үшіншіден, бұл қолданыста жүрген өлшеу құралдарының көпшілігі сертификатсыз, яғни арнайы құжатсыз жұмыс жасауда. Бұл жағын ескерсек, қандай өлшеу құралдары қолданылып жатқаны, сапалары қандай, өлшеу диапазондары және дәлдігі лайық па деген сұрақтар тағы туындайды. Қазіргі пайдаланып жүрген құралдардың екі түрі бар. Олар пирометрлер мен тепловизорлар. Пирометр – бұл қарапайым конструкциялы, шектеулі мағлұмат беретін  құрал. Қазіргі таңда кеңінен қолданылып жүрген пирометрлер метрологтардың пікірі бойынша адам температурасын өлшеп, мониторинг жасаудың өзіне жарамсыз. Тепловизор обьектінің бейнесін түгел көрсетіп және көлемді мағлұмат беретін құрал. Көптеген елдерде осы тепловизор құралымен аэропорт, вокзал тағы басқа көпшілік жиналған жерлерде адамдардың тепловизордағы бейнесінен алынған мағлұмат бойынша ауруларды анықтау  процедуралары жүргізілуде. Осы әдіс кезінде құс тұмауы пандемиясында қолданылған. Дамыған елдерде тепловизорға қосымша арнайы абсолютті қара дене (АЧТ), сигнал беретін және тіркейтін құрылғылар қосып термографиялық жүйе қолдануда. Бұл жүйелер бір уақытта 20-30 адамның температурасын өлшеп, дене қызуы жоғары адамды байқағанда арнайы дыбыс сигналын береді және мағлұматтарды тіркеп тұрады.  Ал медициналық мақсаттағы дәл адам температурасын өлшеп дұрыс диагностика қою  үшін бұл құрал да жеткіліксіз. Ол үшін кәдімгі қолтық астына қойылатын термометрлер пайдаланған дұрыс. Соңында айтарымыз, әрине, мониторинг жасау және алдын алу шаралары қажет. Бірақ бұл шараларды кіші бизнеске, шағын мекемелерге жүктемей, аэропорт, темір жол бекеттеріне, көпшілік жиналатын орындарға қойылғаны дұрыс. Себебі тепловизор және термография құралдары өте қымбат және арнайы дайындық пен персоналды қажет етеді.

Динара Орынбекқызы

Жүктелуде...