Алпамыстың біз білмейтін тарихы

Алпамыстың біз білмейтін тарихы

ашық дереккөзі

 width= Нағыз Жиделі-Байсын Өзбекстанда емес, Бурятияда *** *** *** *** ***

  1. Алпамыс
(Әруақ тану жайлы поэманың үшінші тарауын салып отырмын) Э, Алпамыс, сені біреу "шағын ру-атаның намысы мен ғашықтық дертін басуға ұмтылған ер" дер. Бірақ, кім білген сенің кейінгі Қазақ арасындағы емес, бүкіл ру-тайпаларымыздың "Қоңыр" атанып тұрған уақытында, біздің жыл санауымыздан 100 жыл бұрынғы кезеңде, осыдан 2100 жыл бұрынғы уақыт төңірегінде өмір сүргеніңді. Кім біледі, кім айтып бере алады? Айтшы? Біраз тарихтың шеті шықты. Бабам, оқырман сізді кейінгі Қазақтың әруақты ерлерінің ортасында сөйлеп отырғаныма қарап "кейінгі ғасырдан екен" деп қалмасын сізді. Айқындап қояйық. Біз - Қоңырмыз, Біз - Қоңырлармыз. Тілі келмеген жұрттар "Қоң" сөзін алып, "Хунну"," Гунны" деп айта берсін! Біздің өз адамдарымыз жаттың "Хунну"," Гунны" дегенін бұрап "Ғұндар" деген атауды келтірір шығарды. Бір мысал айтайын, Керегежар деген тамаша қоныс бар еді Ертіс бойында. Сол қонысқа кейін келе Орыстар қоныстанып, Керегежар бекінісін салды. Әрине, Орыс халқының сол кездегі ұзын-сонар бейнелеуімен Кировский-Яр деп аталған. Біздің Қазақ оны жете түсінбей, Кировскийды - Кереку деп жұтымдап, сіңіріп алды. Ақыр аяғында шын атын таппай қалды. Зор айырма қалыптасты. Сол тектес байырғы бабаларымыз Күңгірлер, яғни Күңгірт, Гүңгірт, Қоңгірт, Гңгірат болып айтылып жүріп, кейін Қоңырат делінген осы Қоңырлар болатын. Бұл Қоңырат туралы сөз етсек, Ұлы хандықтың атын дара сақтап қалған тайпа осы еді. Басқа уақытта "біз - Қоңырларданбыз" деп жүрген тайпалар өздерінің мәртебесі хандықтан кейін тұратын ұсақ ру аттарын алып, жеке-жеке хандықтарын қалыптастыруға талпынып кетті. Меркіт, Жалайыр, Керей дегендер содан өрбіп шықты... Керей мен Қыпшақ атаулары да ұзақ уақыт бойы тылсым атауларға айналып, Керей атауы есіміне қосымша жалғанған хандардың тізбегі Евро-Азия даласында шұбырып жатыр. Алғашқы Қазақ хандығының ханы да Керей аталатын. Қыпшақ хандығы да тараған соң, құрамындағы Қытай, Құлан деген тайпалар Қытай-Қыпшақ, Құлан-Қыпшақ атана берді. Найман-Қыпшақ, Керей-Қыпшақ қатарлы рулар хандық тараған соң, Қыпшақ атауынан шығып, өз аттарында қалды. Кейбірі "Қыпшақ" қосымшасынан жерінген де болар, Қыпшақ елі тарай салымымен далада неге Қыпшақ атнатындар азайып кетті? Тура, сол тектес Қоңыр елінің іргесі сөгілген соң, өзін Қоңыр атайтындар азайып кетті де, қара шаңырақтың атын сақтап қалған ру - бүгінгі Қоңыраттарды қалыптастырды. Бұл ру өз ішінен Көктіңұлы және Көтенші деп екіге бөлінеді. Көктіңұлы дегені байырғы Бөде(Мөде) хандардың әулетіміз демекші. Ал, туыс-туған, жұрғаттары Көтенші аталды. Көтенші сөзі -сол замандағы қараша халықтың "қараша" деп айтылуының мағыналас сөзі. Яғни, ханның қауымы - Көтенші, Ханның төл руы - Көктіңұлы. Алпамыс, сіздің төл есіміңіз - Бамсы еді. Алып-Бамсы деп, кейін Алпамса деп жүріп, заман бір аунағанда қосарланып жүріп тілде қалыптасып қалған "Алпамыс" атыңызда қалдыңыз. Алып-Манаш дейтіндер де кезігеді. Байбөріұлы Бамсы-Байрақ едіңіз. Сіздің әкеңіз бен аталарыңыз айтқан "Шөр-ай"," Ар-ай, жаным, ар-ай" деп аталатын әуен түрлері бүгінгі біздің "Жар-Жар, Әри-Айдай" деген тектес тұрмыстық салт жырлары еді... "Жар-Жар әуені" өзгермеген әлі күнге дейін тұр Қазақта. Бұл өте ескіліктің мұрасы. Ол - ежелгі айтыс өнерінің той қуанышына арналған түрі. Құлтай атаңыз қандай әдемі айтатын сол жырды?!... Кейінгі Қазақ ұрпағыңыз аталарыңыз құсап "игі-ай(игай), үге-ай(угай), киік-ай(гигай) " деген әуен түрлерін ойлап тауып, кең даланы ақ нөсер жырға орады. Біз сіздердің өмірлеріңізден ақындар айтысының тұрмыстарыңызға біте қайнасып, сіңісіп кеткенін аңғарамыз. Әр жолығысуларыңызда айтысып барып, содан кейін асықпай құшақ айқастырады екенсіздер. Зар төгіп өте шыққан жолаушы мен жолда тұрған адамның айтысы арқылы көп нәрсені ұғындырасыздар. Жортып келген Алып-Бамсы әкесі Байбөрімен, атасы Құлтаймен емірене айтысып, "бабамның сарығы сәл тыным тапты-ау" деген соң барып құшақ айқастырады. Бір қызығы жырдан сезгеніміздей сіздерде ханымдар бет жүзін барынша бүркеп жүреді. Мүмкін, шашын көп түрлі өріммен өріп саулатып қоятын шығар?!... Жұқа перде тарту, түп мәнінде сіздерден тараған шығар Орта Шығысқа? Қатын-қалаштың және диуананың жүздерін жасырып жүретінін байқау қиын емес дәуірлеріңізден. Шілдермен деген сырнайдың түрі де болады екен қолдарыңызда. Шіл - жіңішке. Дер - дір, қозғалыс. Мен- тәуелдеуді білдіреді. Шілдердің жеке мағынасы - жеңіл, қозғалысқа бейім шылдырлаған зат, перде немесе қурай тектілер. Демек, шілдермен дейтін үрдемелі аспап бүгінгі қарапайым сыбызғыдан басқаша. Қытайда Шэн деп аталатын, Корейде Сэнхван деп аталатын аспаптардың сөздік жасалымы да, аспаптық ролі да осы шілдерменге келеді. Шілдерменді бір көрген жерден қыздардың қызығушылығының жасалуына да, үніне де айрықша назар аударғанын жырдан білеміз. Бүгінгі күндері бұл аспап бізден ұмыт болып, бұлдыр атауының ғана қалғаны анық. Қобыз деген аспабымыздың кең әлемге тарап, оның тұлғасынан өрбіген кейінгі Моңғолдағы Бозанның, яғни, Моринхур(Мер-Толағай), Игил хур(Егілгір), Их хур(Ыққыр), Хучир(Бозаншы-Бызанчи, Құшыр) қатарлы қобыздары, Орыстағы Гудок(Қу-Төк, Көдек), Бұлғарда Гудулка(Қу-Толқа, Құдылға), Шығыс Еуропадағы Сербтер мен Словандарда Гусле(Қус-Ле, Қу-Сіле, Көсіле), Албанияда Лахута(Ла-Құт), Қытайдың Хуцинь(Қу аспабы) деген аспабы пайда болып, бірте-бірте ұлы Ысықыманың - Скрипканың пайда болып дамуына оң әсерін еткен. Ең соңында ең ескі қобыз түрін Қазақ даласы ұстап қалмады ма? Жаңағы жұрттардың аспабының бәрінде кезігетін Ху, Қу сөзі - Қобыздың ең басқы түп сөзі. Біз ең көнеліктердің еліміз. Скрипка, қобыз, бозанның түп тамыры іргедегі Сыр-Дәриясында көміліп жатқан елміз. Біз ең байырғы домбыра түрін барынша соған жуық қалыпта сақтап қалған еліміз. Тіліміздегі сақталған ұлы сөз байлықтарын, байырғы сөз тегі мен жұрнақтарының сақталу мәдениетін Түркінің қазынасы деп басқа адамзат баласынан оқшаулай бермейік. Адамзат бір тілде сөйлеген кездегі тіл ұсқындарының түбірі көп сақталған елміз. Біз ару аттар -арғымақтарға емес, ең байырғы жабыларға мініп әлемді бағындырған елміз. Біз әлі неше мың жыл бұрынғы қымызды ішіп келеміз. Арасындағы уақытта қымызын басқа буы күшті сумындарға айырбастап еткендер бодды, бірақ одан ұят тауып қайта оралды. Біздің қарапайым ғана ғасырымыздағы, өткен жүз, екі жүз жылдықтардағы Біржан сал, Ақан сері әуенінің неше мың жылдыың алдындағы әуендерімізбен ұқсастығы бар екенін аңғарып жатсаңыз таңғалмаңыз. Қазақ әні - асқақ, зор дауыспен анықталады. Бұл жоғары, кең дауыс ескі уақыттардан бері қадірлі ән түрі. Көмей күй атанған күркіремеміз әлі бар. Ескідегі Күлтегін(Құлтегін) атауларынан бүгінгі Құлтан, Құлтай есімдері, бара-бара Ұлтан, Ұлтай есімдері пайда болады. Алпамыстың уақытындағы Құлтегін-Құлтағын атанған зорекерді кейінгі дәуір жыршылары Ұлтан деп жырдап береді. Ақ теректі әдетте Қазақтар Бәйтерек деп те атайды. Бай, Бәй сөздері - Баю, ағару дегенді білдіреді. Кейінгі Қытай сөздерінің қалыптасуына зор ықпал еткен біздің көне тілден оларға Бәй, Қуаң, Тәңірі деген сөздер кірген. Қытай тілінде Тәңіріні - Тиян деп қысқартып айтады, әрине ескіліктің уақытында Тиян-Ыр деп айтқанында дау жоқ. Өйткені, Ыр(Рі, 日) сөзі Қытай тілінде Күн мағынасын береді. Біздің тілде "Ери бастау" сөзіндегі "Ер" түбірі осы "Рі" -мен туыстас. Қуаң дала - сарғайған дала. Қуаң дәрия - Хуанхэ, сары өзен. Қуаң(黄)- Қытай тілінде сары сағынасын беріп отыр. Бай, яғни, Бәй(白)ол тілде де ақ деген мағынады береді, сондықтан Алпамыс мінген байшұбар - ақшұбар деген маңынада. Байбөрі есімі болса "Ақбөрі" деген есім емес, бұл жерде Бөрі бай деген байлық иесінің аты. Сөз толқыны жайлы қызықты иірімдер көп. Шыңғыс ханның айналасындағы кезеңдерде "Құз" - таудың қол жетпес биігі әрі ханның мәртебесін білдіретін "тақтың" орны. Бұл "Құз" мәртебесі - Шыңғыс ханға дейінгі дала аймақтарындағы ұлы хандар Мар құз, Құрша құз, кейінгі Шың құз - Шыңғыс болып жаймаланып кеткен атау. Ханның алды - "Құзыр" атанды. Құздың салтанаттымағынасы айтылды, Ыр- күнді білдіретінін жоғарыда атап өттік. Уа, Алпамыс баба, біз жыр жүлгесінен "түйемен көкпар тарту" салттарыңызды білдік. Қиырдағы Арктика түбіндегі Якуттарда түйе жоқ, бірақ түйені "тэбиэн" деп атайтыны әлі күнге дейін сақталған. Қос өркешті түйенің жабайы түрі Тибет тауларының солтүстік қапталы, Тарым, Құбы шөлдерінде, Алтайдың айналасында кездеседі. Ең көп жері де Алтай, Моңғолия жерлері. Қос өркешті түйені қолға алғаш осы далада "түйемен көкпар тарту" дәстүрінің Ғұндар кезіндегі, одан да бұрынғы ескі уақытта қатарға енуі таңғаларлық емес. Сағасы күңіренген "Байсын өзені" жырда қайта-қайта айтылады. Біз ойлағандай бұл Байсын суы Орта Азияда емес. Тек кейінгі ғасырлардағы Ғұндардың ұлы ауғынында Сыр бойына келген Қоңыраттар Шығыс Азиядағы, Сібірдегі мекендеріне қойылған сол атаулардың кейбірін, Сыр мен Әмудағы шағын елді мекендеріне көшіріп қолданды. Өткен ғасырда Алтайдан Анадолыға ауған Қазақтардың Түркияда Алтай ауылын, Баркөл көшесін қалыптастырғаны секілді жер атауын көшіру салты бұл. Шығыс Түркістандағы Шонжы қаласы мен Яркен өзені аңғарынан келген Тараншылардың жер атын қойу жайлы ақпарат айтар болсақ, Орыс жасақтары Іле сұлтандығын он жылға басып алып, кейін шегінгенде жаңағы Тараншылар Қазақстан топырағына көшіріліп, Жаркент, Шонжы атауларын Қазақ өңірлеріне қойғаны. Одан да бұрын Жоңғарлардың бұйрығымен Тарым шөліндегі отырықшы халықтың Ілеге жүздіктер бойынша қоныс аударғанында, Тұрпан ойпатынан шыққандардың Тұрпанжүзі деген жаңа атауды Іледегі ауыл аттарына алып келгені секілді іс еді. Байсын өзені - қазір Бурятияда. Оның жанында Байқал тұр. Байқал ескі тілдегі "Бәй- ақ сөзі", "Қол, Ғол" - судың саласы немесе көл мағынасынан бастау алған Байкөл атауын білдіреді. Түркі текті халықтардың қонысында, Моңғолда Аққол, Байынғол, Шағанғол деген су аттары жетерлік. Қол, Ғол атауының түбіріндегі "Ху" атауын Қытайлар әлі күнге дейін тілдерінде көл атауы ретінде қолданады да, өзенді бұдан сәл парықтап "Хы" деп айтады. "Қол, сала" дегендердің бәрі адамның қол, саусақ мүшесімен байланыстырып қойған өзенге арнаған атаулары. Бай-Ғол, немесе Байқол атауы неге Байқал аталып кетті онда? Біз домаланған затты доп дейміз. Ұйғырлар домаланған ұрмалы күй аспабын "дап" дейді. Біз саны көп дүниені "мол" дейміз, алдымызда қарайған байлығымызды "мал" дейміз. О мен А-ның өзара өзгерісі қазіргі орыстардың байырғы тілі бойынша сөздерін жазып, дыбыстаған уақытта көптеген О әріптерін А деп дыбыстайтыны секілді тілдің дәуірлік өзгерісі. Сонымен Байқол атауы бірте-бірте Байқал атанып кете бермесі барма?! Жырда "жібек баулы ақ тұйғын" деген сөз кездеседі. Алпамыстың ұстаған жібек баулы ақ тұйғынына қарап отырып, оның қарапайым байдың ұлы ғана емес екенін білдік. Себебі, саят құстарын әсемдеп көптеп ұстау негізінен жай қарапайым кісінің емес, көбінесе хандардың ісі болатын ерте кезде. Алып-Бамсының, яғни біздің Алпамыстың хан ордасына жақын маңызды адам екені осы арада халыққа әшкереленеді. "Көзім талды әкенің, Қарай-қарай жолына..." Әрине, бүл кейінгі ақынның жырлаған тілі. Деседе, "қарай-қарай көз талу" мың жылдықтардан аман жеткен "күту" әрекетінің озық бейнелеуіші. "Қолында асасы бар диуана" жырда бар, және кейінгі ғасырдағы Қазақ ішінде осындай бейне үнемі ұшырап отыратын. Аса ұстау - адамның писихологиямен терең жұмыс жасайтын күллі діндердегі адамдардың салты. "Атың мойыны қыпшақтай" деп айтылып қалады. Қыпшақ деген ағаштың ішкі қуысы. Ол цилиндр түрінде. Шынымен, тартымды бейнелеу. Цилиндрды тілімізге "Қыпшақ" деп аударуымызға да болады.Жырға белгілі әшекейлерін сараптай отырып марапат айтамыз әрі тарихын үңгіп тексереміз. "Мен ботаңа ұқсаймын, Сіз атама ұқсайсыз! Зарымды нене ұқпайсыз" дейді бала. Екеуі айтыс жасап тұр. Айтысып болған соң барып, бабасы жабық жүзін ашып көріседі. Ақындар айтысының Ғұндар уақытынан бері әйгілі өнер болғанын аңғарғанымызды басында айтып өттік. Құрманбек Зейтінғазыұлы деген әйгілі айтыс ақыны көнеден қалған дерек болйынша "Әри және Айдай есімдегі қыз-жігіттің алғашқы жыр-тақпағынан осы айтыс өнері басталып кетеді" екен. Бара-бара айтыстарының қайырмасына екеуінің аттары қосылып, "Әри-Айдай, оу, Әридай" деп айтылып отыратын болған. Қарасаңыз, осы есімдер "Беу, Айдай"," Көк Айдай" деген ескі ән әуездері сияқты айтыс пен әнге білінбей жұрнақ құсап көмілген. "Беу, Айдай" әнінің ырғағы мен қайырма сөзіне салып айтыс жасай беру бүгінгі Қазақ ақындарының ішінде бар. Жыр мен әннің ортасында барлыққа келген айтыс өнеріндегі құбылысқа сай, "Ар-ай"," Шөр-ай" қатарлы біз ұмытқан ескі айтыс әуенерінің аты жырда таңбаланып тұр. Жоғарыда бұл жайлы бір сөз келтіріп едік. "Төбесін көкке тидірді..."(жырдан) Әкесімен қауышқан баланың бейнесі. Баласын мойынына асқан Қазақ әкелері осы сөзді қолданатын. Яғни, жырда Алпамыс та мал соңына салып қойған баласын азат еткенде, мойынына баласын көтерген болып отыр. Жырда ділда деген ақша атауы қодданылады. Бірақ, біздің мың жылдықтардан бергі төл ақшамыздың аты - теңге. Теңгенің түбір сөзі болған" Тең, Таң" сөзінің Теңек(кеңістік), Деңіз(Теңіз), Тәңірі сөздеріндегі түбірмен бірдей болатыны ақшаның, яки, теңгенің Құдай алдындағы әділ балама ретіндегі күшін білдіреді. Теңге ендеше Тәңірі бұйыруымен байланысады, хан ұсқыныны, орда әлеуетін білдіреді. Таң деп күн шығар алдындағы уақытты, Теңек деп аспанды, Тәңірі деп осы таңның иесі болған жаратушыны, анығы күннің иесін айтатыз. Күн шығып келе жатқанда Ғұнның Тәңір-Көдегі әр таңда күнге қарап сиынуын Қытай жазбалары жазады. Сот кезде оның ауызынан'Тәңірі"деген сөз шығар еді. "Тәңірі" сөзінің мағынасын ұсатып, талдау жасап өткенбіз басқа абзацтарда. Бүгінгі уақытта Тәңірқұт деп айтылатын Ғұн билеушісінің байырғы оқылуы "Тәңір-Көдектің" мағынасына қарасақ, Көдек деп жаңа туылып теңселіп тұрған құланның құлынын айтады. "Мен Тәңіркөдекпін(Тәңірқұтпын" дегені "Құдайдың құлынымын" деген сөзге сайып тұр. Ал, ділдә сөзі тіліміздің жасалу дағдысына үйлеседі, бірақ басқа халықтан, Парсыдан кірген сөздердің қатарында. Жыр оқиғаларындаүы " Киім алып киейін бұған" деген сөздерден Ғұнның өз ішінде сауданың жақсы қалыптасқанын білеміз. "Теңгеден шашбау тағып алып" жатады жырдағы көріністерде. Бұл сөлкебайды білдіріп тұр. Алпамыс алған Баршын сұлу Оғыздар ішінде Қармыш байдың қызы. Ал, кейінгі Алпамыс жырында Шекті елінің қызы деп айтыдады. Шекті мен Қоңырат рулары осы дәуірде өршілес жатқан соң кейінгі жыршылар жанынан қосты ма, жоқ шынымен шежірелік, таңбалық болжамдар бойынша бұл Шекті, Алаша рулары Он Оқ тайпасынан тарап, Ғұндар, яғни қоңырлар дәуіріндегі бірлігін білдіріп тұрма, бұл жағы жұмбақ. Баршын кент деген қалалардың пайда болуы осы Қоңырлардың Сыр бойына ұлы шығыстан ауып келгенде қойған атаулары. Қазақта "арсалаңдамашы!" деген сөз бар, бұл арыстанның қимылын білдіретін сөз. Ерте кезде арыстанды "арсылан, арсалаң" деп атадық. Тұғырыл ханның бір ұрпағы да "Арсалаң" аталады. Алпамыс барып соғысатын Тайшық хан түсінде өзіне ұмтылған арыстанды көріп шошып оянады. Ол кезде Ғұн уақытында байырғы даламызда арыстан көп болған. Піл, арыстан, қолтырауын тектес жылуға бейім жануарлардың солтүстіктен оңтүстікке қарай жылжып, қонысы өзгеріп отырғанын түрлі зерттеуден біле аламыз. Солтүстік барған сайын суып, оңтүстікке жылу ауғанда, аңдар да оңтүстікке ығысып отырған. Піл де, арыстан да осы кезеңдер арқылы жылысып, ең соңында мекендері Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азия, Батыс Азияның теңізге жақын аумақтарына тірелді. Алпамыс жырының соңғы нұсқасы кейінгі діни тұлғалардың араласуы, сенімдердің өзгерісі арқылы жырдың табиғи тұлғасы көп бұзылған. Жыр тілі, оқиғасы барынша қарапайымдасу арқылы біздің ескі тарихтың ұлылығын, маңызды мәліметтерін құпиялап сақтап берген. Жырда батырымызбен соғысқан қарсылас ретінде "Қалмақтың Тайшық ханның елі еді" деп айтылатыны бізді отарлаған Қытай, Орыс елдері үшін пайдалы еді. Өйткені, бізді жаулаған елдер жау ретінде әлдеқашан жойылып кеткен Қалмақты үнемі айта беру арқылы, нағыз жаудың өздері екенін ұмыттыра тұру болатын. Жырлардағы түрлі елдің бәрін Қалмақ деп толғай беретініміз осы ұлы жыр амалдары арқылы қаншама ескі тарихты жұмбақтаған күйінде ұрпаққа сақтап берді. Мүмкін, оқиғадағы мемлекеттер ең байырғы күйінде айтылса бұл жырларды бізді отарлаған елдер бірден жойып жіберіп, көзіміз тіпті тұманға толар еді. Шын мәнінде бұл жердегі Тайшық хан осыдан 2100жыл бұрын шамасында, анығырақ айтқанда (б. з. б 110~50жылдары) жасаған ескі Қытай тарихындағы тайчу патшаны білдіреді. Ал, оның елі Қалмақ емес, Солтүстік Қытай шегінде жасаған қазіргі Қытай халқының ата-бабасы. Тайшық хан алғашында Қоңырларға(Ғұндарға) қарсы 5000 адамдық қолды Ли-Лин сардарға бастатады, олар Қоңырлардың қоршауына түсіп, қырғынға ұшырайды. Бұл қырғыннан соң Тайшық хан сардарлары Ли Гуан Лиге 160 мың, Гунь-Сунға 10 мың, Хан Юеге 40 мың сарбаз беріп, барлығын Қоңырды жоюға аттандырады. Алпамыс батыр бастаған самсыған сары қол жойқын шайқаста Қытай жасақтарын жеңеді. Кейін Тайшық хан мұнымен бітпей сардар Юй-шы Да-Фу, ханзада Ман-Тхун және тағы бір сардар Цио Ген бастаған 140 мың атты әскерін б.з.б. 90жылы Ғұн ордасын шабуға қайта аттандырады. Бұл кездегі Ғұн ордасының "Өкірек немесе Өкіреш ордасы" деп те айтылатыны бар. Екінші шайқаста Қоңырлардың тәңір-көдегі Құлеке Қытай әсерін бөлшектеп жойып, бір-біріне қосылуға мүмкіндік бермейді. Осындай ірі соғыстардың бірінде Алпамыс батырдың жау қолына түсуі жырға айналып, біздің бүгінгі өмірімізге жетті. Құлеке - бұл Алпамыстың атасы Құлтайдың өзі болуы әбден мүмкін. Еке - ұлықтаушы жұрнақ ретінде мың жылдар бойы қаз-қалпында сақталып келеді. Асылбек есімді адамды Ас-еке, Құлыбек есімді адамды Құлеке дейміз. Біздің тіліміздің көп ескі қазынаны жоймай сақтап тұратын қазыналығына ой жүгіртсек, "Аға шөне" сөзіне үңілуге болады. Шөне, Дөде, Дәде сөздері қасқырдың еркек-ұрғашыларына қойылған атау. Дөде, дәде сөздерінен Тәте сөзі келіп шыққан. "Аға Шөне" сөзімен өзінің мәртебесін көрсеткен алғашқы Көк Түрік қағанын Қытай тарихы "Ашина"ретінде бұл әлемге жеткізді. Оның ана бөріні еметіні, бес жүз үйді басқарып жүріп хандық құруға қадам тастағаны ол жайлы аңыздарды сүйікті ете түседі. Тілдің қарапайым қазынасы қайда жатыр?! Көк Түрік кезіндегі Ағашөне-Ашина сөзі мен Батыс Ғұндар және Жошы хан тұсындағы"Атаман" делінетін әскери мәнсаптың балалар ойыны тілінде сақталып қалып отырғаны байлықтың елеусіз сақталу түрі. Бұл күндері тарих ғалымдары Ашина сөзінің қазіргі Моңғол тіліндегі арлан қасқырды білдіретін "шоночино" сөзімен мағынасы бірдей деуде. Яғни, біздің "Ағашөне" дейтін ұлттық қисынымыз өз шындығын көрсетуде. Қытайдың Батыс Хан патшалығы Жейу ханшаны әуелі Үйсін патшасы Жөнші биге ұзатқан, Жөнші би өлгеннен кейін інісі - Оңғай би таққа отырып, сонымен бұл ханша Оңғай биге қаратылған. Оңғай би өлген соң Жөнші бидің Ғұн қызы болған жұбайынан туған баласы Нәби биге некеленген. Бұл Қазақтың "әмеңгерлік түзімін" білдіреді. ескі уақытта қытай мен ғұндар аға бауыр боп достық орнатып жатқан заманда қытай патшасы өлген соң жаңа таққа отырған патшадан ғұндар ханы өлген қытай патшасының ханымын сұрайды әмеңгерлікке аламын, мен сіздердегі хангың ағасымын, аға бауыр дескенбіз дпп. қүйрық бауыр десу жсалты. қытай бабалары мұны түсінбей, басында қорлау сипатында деп жаңылыс ұға жаздайды. Әмеңгерлік түзімі, қатын-қалаштың бетін ұяты үшін жасыру әдебі, қыздың мақұлдығын бермейінше зорлап үйленбей, ойлануына уақыт беруі исламда бар әрине, бірақ бұл салттар Мұхаммет пайғамбар тұсынан көп бұрын біздің бабалар өмірінде орын алыпты. Алпамыстың салқын да қатулы рухы бізге қылыш саптап, киесі оянып бізге қарай бөрідей жортып, азуынан бөрі демдері сорғып таң алдындағы ұлы күн алдына мінәжатқа шыққанында таңның да қарсы алдынан бөрідей жортып келе жатқанын байқайды. Исламда күн шығып келе жатқанда және күн батып бара жатқанда дұға жасауға тиым салады. Неліктен? Ол кезде дұға қабылданбайды деген себеппен. Ең анығы бұл күнге табыну сезімін жойып жіберу үшін. Ұлы әлемдердің жаратушысы ұлы Қдай бәрін бізден анық біледі. Тарихи байланыстытардың жиегінде кей дүние көміліп қалмасы үшін Алпамыс бабамыз жайында азырақ қалам тербеп қойдық. Алпамыс маған былай дейді. Қылышымды саптап... Оянам екі періштем екі жақтап... Бөрің боп жортамын, Демдерім азудан сорғалап... Жортып - Бөрінің алдында келеді ақ таң... Далада балауыз жағып ай тұрды... Белдерге балауыз шоқтарын қалдырды... Етігімді саптап, Қолымды отқа қақтап, Қылышпен сүздім жасыннан кейінгі жарқылды. Далада бебеу, Жылқымда бебеу, Оянар аралар ы-ың етіп... Майысып адырнамнан еркелей ұшады жебем... Теңіздің жүрегін бұлқытып, Домбыра басындай елбеңдеп кемем... Далада бір ойпат - терең... Қылыштай қылшылдап өлең... Қылышты суырып, Кімдердің әруағын аспанға өткізіп берем...?! Ақ теке сақалды таулар... Тасбақа құрсақты аңғар... Бесігі илеуден болған орман... Сауытым үстіндегі аспанда - Ұланғайыр арман... Көзімде - қанжарлы талғам...

Көкбөрі Мүбарак Қизатұлы

   

Жүктелуде...