1 қаңтардан бастап: зейнетақы өсіп,мұғалімдердің жалақысы артты

1 қаңтардан бастап: зейнетақы өсіп,мұғалімдердің жалақысы артты

ашық дереккөзі

 width= 1 қаңтардан елімізде бірқатар өзгеріс енгізілді. Зейнетақы, жалақы, жәрдемақы өсімінен бөлек, биыл әйелдердің зейнетке шығу жасы да ұлғайды. Бұдан бөлек, айлық есептік көрсеткіш 2 917 теңгеге өсіп, тисініше, жөргекпұл, көпбалалы отбасылар және аналарға төленетін ай сайынғы жәрдемақы да артты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Әдеттегі дәстүрден жаңылмай, отандастарымыз үшін жаңа жыл бірталай өзгеріспен басталып отыр. Оның ішінде зейнетақыға қатыстылары төмендегідей... Зейнетақы көлемі 7 пайызға өсті. Базалық төлемнің ең төменгі мөлшері 1689 теңгеге артса, ең төменгі  зейнетақы 4,6 мың теңгеге көбейген. Елімізде әйелдердің зейнетке шығу жасы да биыл 60 жасқа дейін ұлғайды. Сондай-ақ зейнетақы қорындағы жинақтың бір бөлігін пайдалану туралы заң да 2021-дің қаңтар айынан бастап күшіне енді. Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі: «721 мың адамның  мүмкіндігі болады. Ол шамамен 1,4 триллион теңге.  Оның ішінде жеткілікті шегінен асатын зейнетақы жинақтары бар 530 мыңға жуық жұмыс істейтін азаматтар.  178 мыңнан астам зейнетақы жинақтары бар зейнеткер және 13 мың аннуитеті шартын жасасқан алушылар». Жаңа жылдың тағы бір жаңалығы  11 қаңтар, яғни үшінші тоқсаннан бастап оқушылар біртіндеп мектепке орала бастайды. Нақтырақ айтсақ, оқыту пәндерінің 70 пайызы офлайн түрде білім ошақтарында өтпек. Осы орайда мұғалімдердің еңбекақысы да биылдан  бастап 25 пайызға өскенін еске саламыз. Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі: «Қазіргі жағдайда қай балабақша мемлекеттік тапсырысты алатынын аудан, қала білім бөлімдері шешсе, ал бұдан кейін ата-аналардың өздері ваучерлік қаржыландыру принципімен шешетін болады. Яғни нақты бір баланың балабақшаға кезегі келгенде ата-анасы ваучерді алып, өзі қалаған балабақшаға беруге мүмкіндік алады». 2021-дің еншісіндегі тағы бір өзгеріс ЭКО жасау үшін берілетін квотаның 7 есеге көбеюі. Денсаулық сақтау министрі аталған жоба жаңа бағдарла аясында жүзеге асады деп уәде еткен еді. Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі: «Министрлік 2021-2023 жылдарға арналған алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жоспарын әзірлейді. Оның ішінде ауылдық тұрғындарды жедел жәрдеммен қамтамасыз ету бар... Медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту мақсатында шалғайдағы елді мекендер үшін 100 медициналық кешен - автобустар алынады. Отандық өндірістен 1167 медициналық-санитарлық көлік алынады». 2021 жылдан бастап айыппұл, салық және басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылатын айлық есептік көрсеткіш те өзгерді. Яғни 1 АЕК 2 917 теңге. Бұдан бөлек, мүлік салығы мен жер салығын біріктіру де қаңтардан бастап күшіне енуі тиіс. Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрі: Екі салықты бір төлемге сыйдырып, бір салықтың көзін жою туралы ұсыныс дайын тұр. Яғни, жеке тұлғалардың мүлік салығы мен жер салығын бір төлемге біріктіру көзделіп отыр. Бұл комиссия көлемін, квитанция толтыру уақытын қысқартады. Сонымен қатар, көппәтерлі тұрғын үй салынған жер салығын жою көзделіп отыр. Бұл салық төлеген кездегі қателіктерді жояды". 2021-дің айтулы шарасы  коронавирус індетіне қарсы вакцинаны жаппай егу. Әзірге бұл бастамаға 10 миллион қазақстандық қатысады деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, қаңтардан бастап «Бақытты отбасы», «Шаңырақ» сынды тұрғын үй бағдарламаларының шарттары өзгерді. Нақтырақ айтсақ, үй алуға ниетті салымшылардың табыс шегі ұлғайған. Десе де, осы жылы ең төменгі жалақы мөлшері өзгеріссіз, 42500 теңге деңгейінде қалып отыр.

Жүктелуде...