Жаңа жылда көрген түсіне де мән беретін жапондар һәм біз

Жаңа жылда көрген түсіне де мән беретін жапондар һәм біз

ашық дереккөзі

 width= Жапондарды айтам да, жаңа жылда бірдеңелерді аспанға атып та жатпайды, жарып та жатпайды, улап та жатпайды, шулап та жатпайды, өліп-талып ішіп те жатпайды, құсып та жатпайды ("мочи" атты күріштен жасалған сағызға ұқсаған бір ұлттық тағамдары өңешінен өтпей қалып, өліп қалатын қарттар да кездесіп жататыны бар бірақ). Есесіне бәрі дерлік жыл ауыса сала өз үйіне жақын жердегі синтоистік, буддистік ғибадатханаға барып, өткен жылға ризашылық айтып, жаңа жылдан жақсылық тілейді. "Хацумодэ" деп аталатын жапон жұртының жаңа жылдағы алғаш рет құдайға сыйыну рәсімі. Одан қала әр жапон сыртқа шығып, жаңа жылдың алғашқы күні жаңа шығып келе жатқан күнді қарсы алып, Күнге де бір табынып алады. Жаңа жылдағы алғаш көрген түсіне дейін ("хацуюмэ") көп көңіл бөлетін жұрт жаңа жылдың бірінші күні ұйықтар алдында жақсы түс көрсем екен деп тілеп жатады. Жақсы түс көру үшін де жын-ойнақтан аулақ болуың керек. Дегеннен шыққан дәстүр ғой сол. Олардың да дәстүрді сыйлайтыны бар, сыйламайтыны бар. Дей тұрғанмен тыныш жұрт әйтеуір... Қай мереке болсын - бір мереке қылмай, аз да болса тыныштыққа жанымыз құмар болса екен. Ескі жыл деп, жаңа жыл деп, 31-і ғой деп, 1-і ғой деп улап-шулап жатқан сол... Жаңа жылдың алғашқы күні мешітке барып, құдайға сыйыну былай тұрсын, құдайдың өзі шошып жатқан түріміз мынау болса, түсіміз қайдан жақсы болсын...

Батырхан ҚҰРМАНСЕЙІТ, дипломат-публицист

Жүктелуде...