40 мың адам қаржы пирамидаларына жем болған

40 мың адам қаржы пирамидаларына жем болған

ашық дереккөзі

 width= Жыл басынан бері елімізде қаржы пирамдасы ретінде жүмыс істеп келген ломбардтардан 40 мыңнан астам адам зардап шеккен. Келген шығын көлемі бірнеше миллиард теңгеден асып жығылады. Алайда басшылары ұсталып, қамауға алынғанымен салған қаржының қайтарылуы екіталай. Десек те аты бөлек болғанымен заты бір қаржы пирамидалары әлі де жұмысын тоқтатпай келеді. Оған алданған қатары күн санап артып келеді. Бірақ сабақ алып жатқан жұртшылық байқалмайды. Олардан қалай сақтану керек? Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Алматылық Индира Батырбекова қаржы пирамидасына ақша құю үшін 2 жыл бұрын тұрып жатқан пәтерін сатып жіберген. Соңғы тиынына дейін санап беріпті. Бұл ақшаға келісім-шарт бойынша белгісіз компанияның акцияларын сатып алған. Мекеме өкілдері ақшаны алтын шығаратын кен орны, құс фабрикасы, құнды қағаздар нарығына салып, қомақты пайыз табуға уәде берген. Алайда бір жылдан бері не ақшасы не оның уәде етілген пайыздарын ала алмай жүр. Компанияның Қазақстан нарығында жұмыс істеп жүргеніне 12 жыл болды деген соң сенбеске амалым қалмады, дейді.

Индира БАТЫРБЕКОВА, жәбірленуші: «Мен барлығы 30 мың доллардай болады. Ақша салу басталған уақытым 2018 жылдан басталады. Содан бері бір жыл болды. Не пайызы жоқ, я өз ақшамды ала алмай жүргенімен бір жыл болды».
Ал, Асқар Рахымбектің БАҚ өкілдеріне жүгінуіне салған қаржысын қайтара алмау түрткі болған. Өйткені қомақты қаржы құйған мекеме келісім бойынша өзіне алған міндеттемелерін орындамаған. Ол қолма-қол ақшасын санап берген мекеме жабылып қалыпты. Бармағын тістеп қалған Асқар барша ақша салған азаматтарды құзырлы органдарға шағым түсіруге үндеуде. Қазірдің өзі де оншақты облыстан зардап шеккен жүздеген адам анықталыпты.
Асқар РАХЫМБЕК, жәбірленуші: «Мен өзім жиырма миллион теңге құйдым. Жақын туыстарым мен достарымды қоса алғанда жалпы шығын көлемі 80 миллион теңгеден асады. Салдым. Бастапқыда пайыз төлеген. Бір жылдан асты бір тиын да берген жоқ. Ең басында салған 50 пайыз, одан кейін 30 биыл 20 пайызын ай сайын төлейміз деп уәде берген».
Ал, мамандар қаржы салардың алдында мұқият болуға шақырады. Алдымен жан-жақты зерделеп барып, салым жасауға кеңес береді. Адвокаттар қаржы пирамидалынан зардап шеккен тұлғалар полицияға шағым түсірген жағдайда қылмыстық іс тоқтатылатынын айтады. Себебі қылмыстың құрамы жоқ. Өйткені жұртшылық ақшасын ерікті тұрде салғандықтан, қылымыс болып саналмайды екен. Сондықтан адвокат жалдап азаматтық сотқа жүгінуге мәжбүр болады екен.
Ботагөз АЛПЫСБАЕВА, Адвокат: «Жауапкерден немесе айыпты адамнан бұл ақша өндірілсе қағаз түрінде да. Фактический нақты бұл ақшаны алу, алмауың бірталай. Не себепті? Көп жағдайда алдау іс-әрекеттерімен айналысатын адамдар ол мүлкін өз атына тіркемейді».
Дмитрий АКМАЕВ, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агентігінің Бас маманы: «Жарнамасы жер жарып, әдемі кеңсе мен қаржы салуға үгіттеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп, табысы туралы жетістіктері баяндалса ол да алдаудың бір жолы. Табысқа қалай жеткені күмәнді болса ол алаяқтықтың бір жолы. Алданып қалмау үшін сұрақтарды көп қойып, барынша ақпаратты көбірек алуға тырысу керек. Бұл қаржы салудың алдын алуға септігін тигізеді». Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша жыл басынан бері қоғамда резонанс тудырға үш бірдей ломбардтан 40 мыңнан астам адам зардап шегіпті. Олардың тек 2 мыңы ғана полицияға шағым түсірген. Келтірілген шығын көлемі 5,5 миллиард теңгеден асып жығылады. Бірақ қаржының толықтай қайтарылатынына ешкім кепілдік бере алмайды. https://youtu.be/yGpeW8oH7_E

Жүктелуде...