Елімізде алимент төлемейтіндердің саны 200 мыңнан астам

Елімізде алимент төлемейтіндердің саны 200 мыңнан астам

ашық дереккөзі

 width= Елде алимент төлемейтіндер көбейіп барады. Бас прокуратура жақында есеп жүргізіп, осындай 200  мыңнан астам отандасымыз бар екенін анықтаған. Бір өкініштісі бүгінде әке мен анадан басқа, балалары ата-анасына да қаржылық көмек көрсетпейді. Жақынының алдында қарызы барлар қаржыны қалтасында қалдыру үшін түрлі құйтырқы әрекетке де барады екен. Ал, мемлекеттік органдар алимент төлемейтіндермен күресте жеңіліп келеміз, дейді. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Анжела Токарева 2007 жылдан бері қызының әкесінен алиментті өндіре алар емес. Әбден шаршадым, дейді.

 Анжела ТОКАРЕВА, алименттен үмітті ана: «Мен қызымның әкесінен 13 жылдан бері алимент ала алмай келемін. Осы уақытқа дейін берешек мөлшері 3 миллион теңгеге жетті. Бұл аз ақша емес қой. Жеке сот орындаушыларынан көмек сұрадым. Бірақ олар жиі ауысады. Сондықтан іс өнбейді».
Бас прокуратурадағылар қазақстандықтардың Анжеладай зар жылағанына жеке сот орындаушыларының сылбырлығы себеп дейді. Құзырлы орган сараптама жасап, алименттер бойынша жүргізілген сот ісінің жартысынан көбі орындалмай қалатынын анықтапты. «Елімізде 216 мыңнан астам адам жақындарына 14 миллиард теңгедан артық  берешек. Алимент төлемей жүрген 9 мың борышкердің  зейнетақысы, тұрақты табысы бар. Тағы екі жарым мыңының жылжымайтын мүлкі, көлік құралдары бар. 3 мыңнан астам қарызы барға арнайы органдар іздеу жарияламаған. Түрлі ескерткертпелер жасалса да, 500-ден астам алимент төлемеген қазақстандық шектеу шаралары қабылданбаған». ҚР Бас проркуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ресми мәлімдемесінен үзінді Бірақ, Нұр-Сұлтандық мамандар қолымыздан келгенін жасап жатырмыз, дейді.
Мадина ЖАҢЫСАЕВА, жеке сот орындаушыларының аймақтық  палата  Басшысы орынбасары: «Кейбір адамдар әдейі ақша төлемеуден қашады. Біреулер жалақысын қолдан аз етіп жаздырады.  Ажырасқандар бір - бірін түсінбей жатады. Сондықтан да бұның бәрін ашумен жасайды. Соңында зардабын көретін балалары екенін білмейді. Ата аналар  бұның барлығы баланың психикасына ісер ететінін ескеруі керек».
Әдетте алимент дегенде, отбасына берешек ер кісіні елестетеміз. Бірақ, құзырлы органдағылар жақынына әкеден бөлек, әйел, бала, ата-ана да қарыз болады дейді. Соның бір дәлелі ретінде «qamqor.gov.kz.» сайтын көрсетсек. Парақшаның басым бөлігінде азаматтардың суреті, аты-жөні келтірілгенімен, нәзік жандар да бар. Алимент төлемеушінің ұятын оятуы мүмкін деген сайтта бүгінде 1500 адамның аты-жөні бар. Бас прокуратураның ақпараттық сервисінде ақшасының бір бөлігін қимай жүргендерді әрбір қазақстандық енгізе алады. Сондықтан сайт атауын тағы да қайталайық - «qamqor.gov.kz.». Бірақ, көп отандасымыз ақша өндірудің мұндай тәсілін біле бермейді. Ал, заңгер Жандос Тұяқов былай дейді.
 Жандос ТҰЯҚОВ, Заңгер: «Борышкерден өндіріп алатын соманың аз болатынына байланысты, көп жағдайда көңіл аудармай жатады. Егер де әйелдер келіп, «сіз неге қарамаймыз, шағым жазам» десе, онда ұнамаса, істі алып кетіңдер дейді. Басқа сот орындаушыға жіберіңдер дейді. Ал, оны алып басқаға барғанда, тағы екі-үш ай уақыт өтеді».
Республикалық жеке сот орындаушыларының мәліметінше, ең көп алимент төлемейтіндер Қарағанды облысында өмір сүреді. Онда 21 мың адам бар. Кейінен 18 мың қарыз төлеуден жалтарушысы бар Шығыс Қазақстан жайғасса, үштікке Алматы облысы  кіреді. Онда 17 мың адам берешек. Естеріңізге салсақ, елімізде адам үш ай алимент төлемесе, әкімлішік және қылмыстық жауапқа тартылады. https://youtu.be/IjEUWMLQ7fE

Жүктелуде...