
Әңгіме барысында «бес жасында америкалық бақташылар туралы фильмнен кейін мал бағуға қызуғышылығы артқандығып айтып, алайда америка бақташыларының өмірі біздікіне қарағанда жеңіл, әрі қызық» , дейді Ерлан Қожақов америкалық журналист Хеггинске.Отбасымен таныстырды. Үш ұл, үш қызы бар бақташының жолын қуған тек үлкен баласы екен. Қалған ұл-қыздары басқа мамандықты бітіріп, жұмыс істеуде. Олар мал шаруашылығының болашағы жоқ деп тұжырымдайды, десе де бұл қате пікір. Кеңес үкіметі кезінде көшпелі мал шаруашылығына тыйым салынып, отырықшылыққа көшкен қазақ халқының басынан көптеген қиын-қыстау кезеңдер өтті. Соған қарамастан, қазақ бақташылары өз үрдісін жалғастыруда. Бірақ мемлекет тарапынан мал шаруашылығына көңіл аз бөлінеді. 2017 жылы Экспо халықаралық көрмесінде қазақ халқының этномәдени кешенін айтарлықтай дәрежеде көрсетті.
«Алайда, ата-бабамыздан қалған бақташылық өнерге қызығушылық танытатын жастар да, көмек беретін мекемелерде жоқтығын айтып күйінді», дейді мақала авторы.Бақташы 63 жаста, жан-жары Кенже 57 жаста. Жұбайымен қалай танысқандығы туралы да сыр шертіп, қазақтың тағы бір салт-дәстүріне автордың қызығушылығын оятқан. Қазақстанның Ресеймен шекаралас батыс аймағында туып, өскен. Той-томалақта бірге болып, бақташы өзін алып қашқандығы туралы айтты. Хеггинг бұл салтпен 2006 жылы Борат есімді азаматтың қазақы мәдениет туралы түсірілген фильмінен таныс екендігін мақалада жазды. Бірақ, Борат бұл салтпен қазақты жабайы халық ретінде көрсеткіндігін, негізінде бұл дұрыс емес көзқарас екенінде тілге тиек етті. Мақала соңында, Эндрю Хиггинс теңізге шығатын жолы жоқ, Қазақстаннан 4 есе кішкентей Техастың мал шаруашылығын мақтай отыра, олардың бақташыларын мемлекет аса құрметтейтінін айтып, Қазақстанның табиғаты сұлу, жері құнарлы болса да неліктен сондай құрметке лайық емес деп сұрақпен аяқтады. Ерлан Қожақов пен жары Кенженің кей кезде Кеңес үкіметі кезеңін сағынатындығы туралы айтқанын да жасырмады.
Інжу ӨМІРЗАҚ