«ПАРАСАТТЫ СӨЗ АЙТУ ҮШІН АЛДЫМЕН ӨЗІМІЗ ПАРАСАТТЫ БОЛУЫМЫЗ ҚАЖЕТ»

«ПАРАСАТТЫ СӨЗ АЙТУ ҮШІН АЛДЫМЕН ӨЗІМІЗ ПАРАСАТТЫ БОЛУЫМЫЗ ҚАЖЕТ»

ашық дереккөзі

 width=

«ПАРАСАТТЫ СӨЗ АЙТУ ҮШІН АЛДЫМЕН ӨЗІМІЗ ПАРАСАТТЫ БОЛУЫМЫЗ ҚАЖЕТ».
Розақұл ХАЛМУРАДОВ, «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалы жанынан құрылған «Парасат» пікірталас клубының мүшесі:
– Парасат деген салмақты сөз. Бірінші өзіміз парасатты болуымыз керек. Айтқан сөзіміз, көтерген мәселеміз – жеке басымыз емес, көпшіліктің қамы, ой-пікірі болу керек.
Халқымыз жақсы өмір сүру үшін біз бірлігіміз бен ынтымағымызды нығайт қанымыз абзал. «Экономика құлап жатқанда ненің бірлігі? Қандай ынтымақ?» дейтіндер аз емес, ынтымағымыз жарасып, бәріміз бір ниетте, бір мақсатта жұмыс істеп, Қазақстанның дамыған мемлекеттер қатарына қосылғанын көрдік.
Бүгін құрылған клубымыздың да мақсаты сол. Әртүрлі мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдарының басшылары соған мүше болып кірді. Сосын өздеріңіздің ұйымыңызда не мәселе көтеріліп жатыр, не мәселені сіздер шеше алмай жатсыздар соны ауданда бірлесіп шешу керек. Міне, осы жерде біз соны талқылып сосын шешімін табуымыз керек. Енді мен нақты үш мәселеге мән берейін.
Бірінші мәселе: осы халықтың бәрін айқайлатып, наразылығын тудырып жатқан – тұрғын үй салу үшін жер мәселесі. Әсіресе, Ақсукент ауыл округі, Қарабұлақ ауыл округі, Манкент ауыл округінде мыңдаған адамдар қанша жылдан бері жер ала алмай келеді. Міне осы мәселені шешетін кез келді. Оны соза беретін уақыт жоқ. Жер мәселесі шешілмесе, мұның бәрі ертең де жақсылыққа апармайды.
Екінші мәселе: электр жарығы дедік. Қазір мұнсыз өмір жоқ. Тіпті мектептің де бәрі осы электрге байланысты болып отыр. Үй құрылысы көбейіп, әркім өз трасформаторларын ағашқа қойып, өзінше сыммен тартып апарып алған. Бір жағдай болса бәрі өшеді. Осының бәрін ревизия жасап, тексеріп, қай жерді жаңалау керек, қай жерге бюджеттік көмек қажет екенін білу қажет.
Үшінші мәселе: денсаулық мәселесі. Енді денсаулығымызды ойлап маска тағып жүрміз ғой. Емхана, поликлиникамызда жәй нәрселер жоқ. Мысалы, жүрек ауырса тексеретін «холтер» деген аппарат арзымайтын 5-6 мың теңге тұрады, соны тағып қояды 1 күн сіздің жүрегіңіз қалай жұмыс жасап жатқанын дәрігер көріп, емдейді. Біздің аудандық, ауыл округтік емханаларда «холтер» жоқ болғандықтан басқа жерлерге жібереді. Ол жақтан 5 мың теңге алады 1 күн соны қойып бергеніне. Неге соны алуға болмайды? Қанша ақша бөлініп жатыр медицинаға, керек емес заттарды әкеліп қойған. Неге қажеттісін алмаймыз? Қанның анализін айтсам, өздері басқа жерге бар деп бір мекемелерге жазып береді.
Өздерінде істемейді. Міне, осындай көп қаржы талап етпейтін, тек осы салада істеп жатқандардың қамқорлығына байланысты мәселе бар. Адам бір жері ауырып, емханаға келсе жылы сөз, жақсылап қабылдап алу. Ең жақсысы сол. Ал, сен барсаң немесе жедел-жәрдем апарса қарамайды «жоқ портал ашу керек» деп. Осындай мәселе көбейіп, халық наразы болып жатыр. Коронавирус, пандемия деп бәрін жинап қоюға болмайтын шығар?

Жүктелуде...