weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанда 100 тоннаға жуық алтын қоры бар жаңа кен орындары табылды

Қазақстан аумағынан жалпы қоры 100 тоннаға жуық алтын бар жаңа кен орындары анықталды. Сонымен қатар мыс қоры 36 мың тоннаға артқан.

Қазақстанда 100 тоннаға жуық алтын қоры бар жаңа кен орындары табылды
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Үкіметте өткен жер қойнауын пайдалану және геологиялық барлау мәселелеріне арналған отырыста Индустрия және құрылыс вице-министрі Иран Шархан мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта мемлекеттік есепке 103 түрлі пайдалы қазба және ел аумағындағы 10 мыңға жуық кен орны енгізілген.

«Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде алғаш рет бес жаңа кен орны есепке алынды. Олар – Көк-Жон, Алтын-Шоко, Самомбет, Студенттік және Тақыр-Кәлжір. Жалпы қор өсімі шамамен 98 тонна алтын, 36 мың тонна мыс, 11 млн тонна марганец және 1,3 млн тонна фосфоритболды», – деді вице-министр.