90-шы жылғы мен 2000 жылы туған жігіттердің арасында белсіздік белең алған

90-шы жылғы мен 2000 жылы туған жігіттердің арасында белсіздік белең алған

ашық дереккөзі

 width= Тоқсаныншы жылдары туған жастардың қуаты кеміп, белсіздікке шалдығудың көрсеткіштері артуда. Нақтырақ айтсақ, тепсе теміәр үзетін жігіттер төсекте жарамай, бала сүюден қалған. Оған түрлі факторлар әсер етуде дейді дәрігерлер. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Елімізде белінің қуаты нашарларған жас жігіттердің қатары артуда. Осылай деп мамандар дабыл қағуда. Олар жүргізген зерттеу нәтижесі мұндай жағдай көбіне 90-шы жылдары дүниеге келген жас жігіттерде кездеуде екен. Мәселен, дәрігер-эмбриолог Гүлнәр Бекбосынованың айтуынша, арнайы анализ тапсырған жігіттердің 50-60 пайызынның спермограммалары өзгеріске ұшыраған. Гүлнәр БЕКБОСЫНОВА, генетик:

«Соңғы зертеу нәтижесіне сүйенсек, 90-шы жылдан бері қарай туғандардың спермограммалары өзгеріске ұшыраған. Яғни, олардың белсінділігі төмендеген. Бұған простатит пен артық салмақ әзер етуен. Горманалдық тұрғыдан да өзгерітер бар».
Урологтардың да айтары осы. Сандарға сүйенсек, еліміз бойынша 1 миллионға жуық ер азамат белсіздік дертіне шалдыққан. Оның түрлі формасы 20-25 жас аралығындағы жігіттерде жиі кездеседі екен. Солардың бірі - простатит! Азиз МҰХАМЕДЖАНОВ, №2 қалалық аурухананың ерлер денсаулығы бөлімінің басшысы:
"Ең көп тараған ауру қуық асты безінің қабынуы, зәр шығару каналдарының қабынуы. Бұның негізгі себептерінің бірі - жаңағы жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулардаң себебінен болады. Ол жерге жаңаңғы инфекция түскенннен кейін сол аймақтағы органдар, қуық асты безі, зәр шығару каналдарын реттейміз және простатит аурулары жиі кездеседі".
"Жасыратыны жоқ, жаңа технологиялар да жастарға кері әсерін тигізуде" дейді мамандар. Мәселен, күнделікті қолданатын ноутбук, телефон, компьютер, планшеттен түрлі радиация бөлінеді. Одан қалды жастар телефондарын қалталарында жиі ұстайды. Мұның да зияны орасан зор екен. "Иә, қалтамала салып жүремін». «Қалтаңызға салып қоясыз ба? Қалтамда». «Оң қалтамда». Азиз МҰХАМЕДЖАНОВ, №2 қалалық аурухананың ерлер денсаулығы бөлімінің басшысы:
"2000 жылғыларда да келіп жатады. Мұның көбісі дұрыс гигиена сақтамау, салауатты өмір салтын дұрыс жүргізбеу деп ойлаймын. Экологияның әсері бар, қазіргі таңда автомобильдер көп, ауа ластанған дейді. Сонымен қатар қазір көп жастар фастфуд, тез дайындалатын тамақтарды қолданғандықтан да болуы мүмкін".
Ал психолгтардың пайымынша, белсіздікке де стресстің әсері бар. Нақтырақ айтсақ, әлеуметтік желі, бәселекелестік, жұмыссыздық жастардың депрессияға ұшырауына әкеп соғады. Салдарынан.. Ержан МЫРЗАБАЕВ, Психолог:
"Бұл кісілер өмірінде өте көп стресс көрген кісілер. 90 жылдардағы қиындықты, 2000 жылдардағы кризисті, қазіргі кездегі әлеуметтік желі, жаңа технологияларды көрген бұл жастардың бойында жарысу өте бейім. 90-жылғыларды осы тұрғыдан қарауға болады. Ал 2000, 2010 қарайтын болсақ, олар да стресс одан да көп болады. Уақыт өткен сайын қоғамда өз орнын табу қиын болып бара жатыр".
Қысқасы, белсіздікті дер кезінде қолға алмаса, емі де соғұрлым қиындайды екен. "Сондықтан да бала сүюді армандаған әрбір отбасы бұл мәселеге ертерек назар аударған абзал" дейді дәрігерлер.  

Жүктелуде...