Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Нұқ пайғамбар қайда жерленген?

Нұқ пайғамбар қайда жерленген?

Нұқ пайғамбар қайда жерленген?
ашық дереккөзі
 width= «Қазығұрттың ба­сында кеме қалған, ол әулие бол­ма­са, неге қалған?..», деп келетін жыр жолдары баршаға бұрыннан таныс. Осы жырмен байланыстыра бейнеленетін Нұқ пайғамбардың топан судан адамзат пен тіршілік иелерінің тұқымын өзінің кемесі арқылы сақтап қалғаны туралы аңызы әр тарапқа әйгілі. Сол аңыздарда Нұқ пайғамбардан үш ұл тарайды. Есімдері Хам, Сам, Яфет болған-мыс. Адамзат ұрпағының қиянатшыл, қатыгездігіне, қайырым мен мейірімнің маңайынан алыс кеткеніне қаһарланған жаратаушы жер бетін олардан арылтпақшы болып топан суын жібереді-мыс. Бірақ, жан иелерін түгел құртып жібермей, Нұқ пен оның үш ұлына гофер деген ағаштан қайық жасатыпты. Ұзындығы он бес кез, ені жиырма бес кез, биіктігі он бес кез үш қабат қайықтың тек бір есігі мен бір терезесі болыпты. Алты жүз жастағы Нұқ қайығын жасап бітіргесін, Жаратушы оған: «қайығыңа үй-ішіңді, жер бетіндегі мақұлықтардың әр түрінен бір еркек, бір ұрғашыдан бір-бір қосақ, ас-су тие де, терезесін, есігін жауып, бекініп ал!» деп бұйырады. Жеті күн уақыт өткеннен кейін қырық күн, қырық түн бойы нөсер жауын толассыз құяды. Жерді топан су қаптайды. Тіршілік иелері опат болып, жалғыз кеме ғана жеті ай өткенде Арарат шыңына барады, он ай дегенде тау бастары судан арылады. Он төрт күн өткесін Нұқ: «жер табылар ма екен, біліп кел!» -деп қарғаны жұмсайды. Қарға көп ұзамай оралады. Нұқ көгершінді жұмсайды. Көлбеңдеген күйде ол да оралады. Жеті күн өткесін оны қайта жұмсағанда аузына зәйтүн бұтағын тістеп келеді. Араға жеті күн салып тағы ұшырғанда көгершін оралмай қалады. Бұл жер бетінің судан құрғаны еді. Кемесінен түсіп құрбандық шалып, амал етеді. Содан кейін жер әлемге тұтас топан су қаптаған емес делінетін аңыз әпсананың сюжеттік желісі осылай өрбіген. Бұл туралы әйгілі абыз-жазушы, кемеңгер қаламгер Әбіш Кекілбаев өзінің «Сапарнамалар» атты очерктерінде нақтылып жазған. Таяу шығыс елдеріне сапарында осы аңыздарды өзінің аяғы тиген мекендермен байланыстыра отырып, оқырманға ұсынады. Абыз жазушының жазған дерегінде: «Нұқ тоғыз жүз елу жас жасап, дүние ауғанда құз жартастың басына қашап орнатқан жүз пұттық табыты Ливан тауындағы Керақ деген бір жердің маңында болса керек» делінген.

Б. Нұр-Мұхаммед