Енді көшеде маска тақпаған адамдарға 1000 доллардан айыппұл салынады. АҚШ-та. Себебі ковид жұқтырғандар саны 7 млннан асып кеткен. 206 мың адам қайтыс болыпты. Нью Йорк қаласының билігі енді осындай қадамға баруға мәжбүр. Еуропада да қатерлі індет қайта белең алуда. Германия билігі карантиндік шараларды күшейтіп, 25 адамнан артық жиналатын кез-келген шараға тыйым салып жатыр. Бұл туралы
Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазір ел аузында індеттің екінші толқыны келеді, қалалар қайтадан карантинге жабылады, сауда орындарына құлып салынады, жұрт тағы дәрі іздеп сабылады деген сарындағы алып-қашпа әңгіме көп. Қауіпсіздік талаптарын сақтамасаңыздар шектеу шараларына қайта оралуға тура келеді деп сэстегілер де сес көрсетіп қояды. Айта кету керек, Әзірге эпидемиологиялық ахуал тұрақты, осы аптада 4 облыста бірде-бір ковид жұқтыру фактісі тіркелген жоқ деген ақпарат қуантып қойды. Бұл жақсы жаңалық.
Енді жайсыз хабар. Оқушылар жұқтырып жатыр. Саны жүзден асып кетті. Дені Павлодар, Шығыс Қазақстан облысының аудандарынан. Елдің бас дәрігері Цой мырза індетке шалдығатын оқушылар саны артуы мүмкін деген болжам да айтты үкіметте. Мамандардың айтуынша вирустан қорғанудың қазіргі жалғыз жолы бетперде мен әлеуметтік арақашықтық.
Елордадағы нөмірі 74-ші мектеп-гимназияның алдында тұрмыз. Таңғы сағат 7.30. Бірден айтайық, білім ордасы біздің келгенімізден бейхабар. Қазір қасымдағы Лаура ханыммен бірлесіп, мектептің карантин талаптарын қаншалықты сақтап жатқанын бақылаймыз.
- Негізі сабақ нешеде басталады? - Бірінші ауысым, сағат сегізде басталады. Сырттай бақыладық. Оқушылар келе бастады. Мұғалімдер де.
Мұғалімдердің кейірі бетпердесіз кіреді.
Телефонымызға жасырын түсіріп тұрсақ та, сәлден соң байқап қойды.
Ережені ұстаздардың өзі ұстанбаса, ата-ананың тағуы неғайбыл.
Ата-аналарға да айтып түсіндіре алмаймыз. Сіз неге тақпайсыз? Баланы да әкеліп, мына жерде тағып. Оны сүйіп әйтеуір әзер жібереді ғой. Таққысы келмейді, ата-аналар «Тақпасақ не бопты» дейді өткенде маған. - Қыздар қыздар, маскаларың қайда?
- Апайда!
- Апайда?
- Апай беру керек бізге!
- Жоқ, сатып аламыз. Бүгін бізге өздері таратады. Телевидениеге түсу үшін.
Балалы үйде ұрлық жатпас деген. Көзбояушылық екеніне көз жетті. Күңкілдеген күзетшіден басқа коронавирустан қауіптенген жан жоқ.
Бас қаланың өзінде білім ордалары айтқанды атүсті орындаса, өңірлерде қалай екен?
«Балалардың арасында ара-қашықтық сақталмаған. Ата-ана тіпті ішке кіреміз дейді ғой. Ата-ананы тәрбиелей алмаймыз».
Лаура АСАНБАЕВА , Қалалық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы: «Қазіргі таңда бізді қорғайтын бетперде ғана болып тұр ғой. Қол жуу, шоғырланған жерлерге бармау, дистанция сақтау, қарапайым сондай талаптар, соынң өзін халық орындауға киынсына ма, немқұрайлы қарайды. Сол жағы алаңдатады да, адамдарда жауапкершілік босла, өзі басына жауапкершілік болса».
Сол жауапкершілікті құрығанда бауыр еті баласының алдында сезінсе ғой. Бас қаладағы мемлекеттік балабақшаның сиқы мынау. Әлеуметтік ара-қашықтық жоқ, кезекші де көрінбейді. Бөгде адамдар балабақшаның ауласына емін-еркін кіріп жүр. Бізді де карантин деп тоқтатқан жан болмады.
Кішкентайларға жабысқан КВИ созылмалы аурулармен қосылғанда ғана ауыр өтеді. Сау балада білінбейді екен.
Жанар БӨКЕНОВА – педиатр: «Балаларда көбінесе жеңіл түрде немесе безсимптомды түрде өтеді. Әр жұқпалы инфекцияның инкубациялық кезеңі болады. Жұқтырғаннан кейін біраз уақыттан кейін, симптомдары пайда болады. Бір аптадан екі апта уақытта болуы мүмкін».
Жеңіл өтетінін жұқпалы індетке шалдыққан оқушының анасы да растады:
Валентина КОПЕРСКАЯ, Жалғызбасты ана: «О баста біздің мектептің төртінші сыныбында оқитын қыздан вирус анықталды деді. Атасы ауырған көрінеді. Дұрыстап түсіндірген жоқ. Баламда аурудың ешқандай белгілері болған жоқ. Сәрсенбі күні үй қамақтан шығамыз».
Оқу жылы басталғалы 100-ден аса оқушы КОВИД-19-ды жұқтырды. 36-сы кезекші сыныпқа баратын бала. Олармен байланыста болған 575 адамның 10-ынан індет анықталды.
Бақыт ЖАНШАЕВА, Қоғамдық бақылаудың Ақтөбе облысы бойынша үйлестірушісі: «Көліктің ішінде залалсыздандыру жасап жатьқанын көріп жүрген жоқпын. Ескерту жасасаң халық өте ауыр қабылдайды. Далада неге тағуымыз керек. Далада тақпай-ақ қойсақ та болады деп наразылықтарын білдіріп жатады. Егер сақтық шарасын өзіміз сақтамасақ, егер осылай жасай беретін бослақ, онда бұл ауру ары қарай өрши береді. Тарала береді».
Ал, қатаң ескертуге құлақ аспаған қараша қырыла береді. Құдай сақтасын десек, қауіпті індет Қазақстанды қайта жауламасы үшін әлден қамдану керек. Бастысы білім ошағындағы болсын, бүлдіршіндердің балабақшасында болсын, барлық жердегі біз көрген былықтар жабулы есік артында қалып қомаса екен.