Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
4 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Сирияны азат еткен Бейбарыс

Сирияны азат еткен Бейбарыс

Сирияны азат еткен Бейбарыс
ашық дереккөзі
 width= Сұлтан Бейбарысты әдетте біз Египеттегі құлдарды басқарып мамлюктер гвардиясын құрғанын, Шыңғыс хан тұқымдарының басқыншылық жорықтарына тойтарыс бергенін аз-кем тарихи оқулықтардан оқып жүрміз. 1250 жылдары сарай маңындағы мамлюктер қосынының басында тұрып, Египеттегі билікті өз қолында ұстап, Каир қаласында мамлюктер гвардиясы тұрған ауданды Орда деп атаған. Сол тұстағы Египеттік шенді эль Омари: «Олардан (түркілерден) шыққан патшалар өз қандастарына көбірек қарасты. Египетті соларға толтырып, елді жан-жақты тек соларға қорғауға аянбай күш салды. Олардан мемлекеттік кеңестің талай жарық жұлдыздары, басшылар, Египет жерін билеушілер шықты» деп жазады. Сұлтан Бейбарыс бастаған гвардия 1258 жылы Бағдат пен Иранды алып, Таяу Шығысқа тап берген Құлағудың әскерінен Сирияны арашалап қалады. Батыстан бастау алған крест жорықтарынан сол замандарда біраз жұрттың жапа шеккені мәлім тарих. Таяу шығыс маңында да осы жорықшыларды тойтаруға біраз бөріктің құстай ұшып, талай сауыттың тесілгені анық. Сұлтан Бейбарыс крест жорықшыларының басып алған жерлерін қайта араб жұртына қайтарып, қолбасшылығының шарапаты сол жұртқа жауғаны тарихта тұр. Күллі Таяу Шығыс жұртына қолбасшы Салах-ад Дин крест жорығына тойтарыс беріп аты шықса, Сұлтан Бейбарыстың есімі крест жорықшыларын араб жерінен бір жолата алыстатып әйгілі болған. «Крак де Шевалье» қамалы крест жорықшылары екі жүз жылдай салған құрылыс. Төрт мың атты әскер сыйып кететін «Сайыпқырандар қамалын» тізе бүктіріп,  Сұлтан Бейбарыс Сирияны крест жорықтарынан азат етіп, өзін Египет пен қоса Сирияның да әміршісімін деп жариялайды. Осы қамалдың маңдайшасындағы мәрмар тақтада Сұлтан Бейбарыс есімі жазулы тұр. және бұл есім 1271 жылы таңбаланғаны тасқа басылған. Алыстағы Қыпшақ даласынан қапияда құлдыққа кеткен баланың қол астына талай жұрттың бағынып, талай ерлікті еншілегені тарихта қалды. Атырау маңындағы Беріштерден шыққан деп абыз қаламгер Әбіш Кекілбаев дәйектеп жазғанындай, Бейбарыс Сұлтанның биігі тарихи өлшемдердің өміршеңдігі іспетті.

Б. Нұр-Мұхаммед