Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
1 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Онлайн оқудың қорқынышы: оқушы қыздың өліміне ұялы телефон кінәлі

Онлайн оқудың қорқынышы: оқушы қыздың өліміне ұялы телефон кінәлі

Онлайн оқудың қорқынышы: оқушы қыздың өліміне ұялы телефон кінәлі
ашық дереккөзі
 width= Абайлаңыз, смартфондар жарылып жатыр. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де, қасымыздан бір сәт тастамайтын телефондарды да үлкен сақтықпен ұстаған жөн. Мамандар әсіресе тоққа қосулы тұрған гаджетке мүлдем жоламаған абзал дейді.  Сонда онлайн оқумен бастарын смартфоннан ала алмай жүрген оқушылар қайтпек?  Жалпы сіз бен біз нені білуіміз керек?  Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Жарылып жатқан смартфондар. Видеолардың нақты қашан және қай өңірде  түсірілгендері белгісіз. Құдды бір экшн киноларының түсірілім алаңы ма дерсің. Бірақ шын өмірде де мұндай жайттар жетеді екен. Смартфоны жарылып, өмірден кетті, телефоны тоқ ұрып, денесі күйіп кетті. Осы сарындағы ақпараттар желіде желдей есіп жатыр. Соңғысы күні кеше ғана Алматы облысында болды. Ақылжан ӨМІРБАЕВ, қайтыс болған қыздың әкесі:
«Кешкі асын ішіп, өзінің бөлмесінде телефонмен жатқан. Телефонмен сыныптасы ма біреу хабарласқан кезде сөйтіп жатып, қуаттағышынан қатты тоқ кетіп, телефоны балқып, бетіне  тоқ ұрып, миына, жүрегіне барып, сол жерде бірден қайтыс болып кеткен».
Ерке қызы Ақеркенің енді өмірде  жоқ екеніні әкесі әлі де сене алар емес. Қатарластарының алды, оқуда озат оқушы болашақта дәрігер болуды армандапты. Асылхан МӘКЕНОВА, мектеп директоры:
«Ақерке өте жақсы қыз, сабақты жақсы оқыған. Мектептің қоғамдық өміріне белсене араласқан қыз болған. Ауыр тиіп отыр... Жақсы оқушымыздан айырылып қалдық. Осындай жағдайлар қайталанбаса екен деп тілейміз».
Ақеркенің смартфоны сапасыз зарядканың кесірінен жарылған деген болжам бар.  Оған қоса, оқыс жайт болған уақытта гаджеті тоққа қосулы болыпты. Мамандардың сөзінше,  телефондардың жарылуына алып келетін бірден-бір фактор осы. Гүлнұр БЕРДІБАЕВА, Ұялы телефондарды сату дүкенінің менеджері: «Телефонды батареяға қойып қолдану дұрыс емес. Өйткені ол зарядкада тұрғанда оған энергия барып тұрады». Тағы бір себеп: Берік АСҚАРОВ, менеджер:
«Ұялы телефонды түнгі уақытта қуаттау мүлде дұрыс емес».
Оған қоса смартфонның бағасы да, маркасы да маңызды емес. Жоғарыдағы талаптар сақталмаған жағдайда, телефонның жарылмасына кепіл жоқ. Қазіргі онлайн сабақ та қауіпті күшейтті. Қаласаң да, қаламасаң да, оқушылар күні бойы телефонда отыр. Осы ретте, мамандар ата-аналарға келесідей кеңес береді. Бала гаджетін тоққа қосып пайдаланбау керектігі өз алдына,  смартфоны қызып, ыстық болып қалған жағдайда, оны тез арада өшіріп тастау қажеттігін айтады. Өйтпегенде, не боларын ойлаудың өзі қорқынышты.