Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Әншілер жанды дауыста ән айтуға қарсылықтарын білдірді

Әншілер жанды дауыста ән айтуға қарсылықтарын білдірді

Әншілер жанды дауыста ән айтуға қарсылықтарын білдірді
ашық дереккөзі
 width= Мәдениет министрлігі қойған талаппен өнер иелерінің кейбірі келіспейді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. Себебі жанды дауыста ән шырқауға арналған музыкалық аппараттар жетіспейді. Бар болған күннің өзінде сапасы сын көтермейді. Ал құзырлы орган өнер иелеріне тек жанды дауыста ән шырқау қажеттігін ескертеді.
"Концерт ұйымдастырушылары әншіні шақырған кезде райдерге сай қызмет көрсетуі тиіс. Сонда ғана жанды дауыста өнер көрсетуге болады. Бізде техника нашар. Сосын әншілердің гонорары да көп емес. Оның үстіне ұйымдастырушылар сырттан әнші шақыруға әуес. Соларға арнап қымбат аппаратура әкеледі. Қазақстандық өнерпаздарға келгенде, техника да ескі, төлем де мардымсыз. Осыдан кейін жанды дауыста ән шырқау жайлы талап қою да қисынсыз", - дейді продюсер Алуа Қонарова.
Дегенмен, өзгерістер алдыңғы буын өнер иелері тарапынан қолдау тапты. "Фонограмма мәселесі 10 жылдан бері көтеріліп келеді, сондықтан оған нүкте қояр сәт келді", – дейді Жеңіс Сейдоллаұлы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері осы заң жобасын әзірлеуге де атсалысқан. Сондықтан тыңдарман талғамына сай болу үшін әріптестерін барынша шынайы болуға шақырады.
"Ең алдымен, бұл жерде көрермен таңдау мүмкіндігін алады. Әнші концерт қоятын болса, құлақтандыруда "осынша ән фонограммада, осынша ән жанды дауыста болады" деп көрсетеді. Осы мәселенің қозғалғанына көп болды. Нүктесі қойылды. Енді ұят болады. Әншілер бар мүмкіншілігін салып, жанды дауыста шырқап жатыр", - деп атап өтті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Сейдоллаұлы.
Сонымен кез келген әртіс сахнаға шығар алдында қанша әнін жанды дауыста шырқайтынын алдын ала хабарлауы тиіс. Заң талабы осындай бук оф ра игровой автомат. Бірақ оны өнер иелері қаншалықты орындайтынына уақыт төреші. Оның үстіне қандай жауапкершілік жүктелетіні де белгісіз.
"Норма енді ғана енгізіліп жатыр. Оны тәжірибеге енгізбей, ештеңе айта алмаймыз. Мүмкін заңбұзушылық мүлде болмайтын шығар. Бұл жағын әнші немесе ұйымдастырушының ар-ұятына қалдырамыз. Егер заңбұзушылық көбейіп кетсе, министрлік Әкімшілік кодекске өзгеріс енгізеді, яғни айыппұл салу жағын қарастырамыз", - деп түсіндірді мәдениет және спорт министрлігінің департамент директоры Күміс Сейітова.
Заң мәжілісте мақұлданды. Енді сенат отырысында қаралып, өзгеріс енгізілуі де мүмкін. Әзірге қоғам тарапынан құжатқа тек оң баға беріліп отыр.