Қазақстанның машина жасау саласы жақсы нәтижеге қол жеткізуде

Қазақстанның машина жасау саласы жақсы нәтижеге қол жеткізуде

ашық дереккөзі

 width= Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Индустриялық-инновациялық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Индустрияландыру картасының жобаларын іске асыру барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

«Осы жобаны іске асыру отандық нарықтың қазіргі заманғы шина өніміне қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ автомобиль өндірісін оқшаулауды ұлғайтады. Жаңа өндірістерді іске қосу қаланың дамуына жаңа серпін береді. Нәтижесінде тарихи тау-кен металлургиялы Қарағанды облысы инженерлік-техникалық әлеуетімен бүгінгі таңда еліміздің өңдеу өнеркәсібінің көшбасшысы болып отыр», — деді Б. Атамқұлов.
Өнеркәсіп салаларының ішінде машина жасау саласы жақсы нәтиже көрсетіп отыр, өндіріс көлемі биылғы 8 айда 16,3%-ға өсті.  Автомобиль жасау секторы 51,8% өсіммен саланың драйвері болып қала береді. 45 мыңға жуық автомобиль шығарылды. Алматы қаласында қуаты жылына 45 мың бірлікті құрайтын «Hyundai» маркалы («Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС) жеңіл автомобильдер шығаратын зауытты іске қосу отандық автомобиль жасау нарығының қуатын екі есе арттырады. Бұл жобаны іске асыру шанағын қалыптау және бояумен автомобильдерді ұсақ түйіндік құрастыруға көшуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  2019 жылы 400 мың диск шығарылып, Ресейге экспортталды, жылына 1 млн дискіге дейін шығаратын жобалық қуаттылығы бар.
«Өндірілетін өнімнің 95% экспортқа бағдарланғани және нәтижесінде Ресейді, ТМД-ны, сондай-ақ Daimler AG неміс концернін қамтитын жаһандық құн жасау тізбегіне кіретін болады. Осылайша, өңір аграрлық бағыттан дамудың индустриялық-инновациялық кезеңіне өтеді», — деді министр.
Электротехникалық машина жасау секторында айтарлықтай өзгеріс болды. Биыл отандық аккумуляторлар Италия және Біріккен Араб Әмірліктерінің нарығына шықты. Ал аккумуляторларға ішкі қажеттілік 65%-ға қамтылады.
  «Біз сондай-ақ түрлі салалардағы ел нарығының 65% кабельдік өнімдермен қамтимыз. Кабель-сым өнімдері металлургия саласының 5-ші қайта жасалуы бола отырып, металдарды терең өңдеуді және жоғары шекті қайта бөлу өнімдерін өндіруді қамтамасыз ететінін атап өту қажет. Оған қол жеткізу қажеттілігін Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 1 қыркүйекте өз Жолдауында айтқан болатын», — деді министр. Трансформаторларға қажеттілік 85%-ға жабылады.

Жүктелуде...