weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
7 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркістанда көпқабатты үйдің қабырғасына дәрігерлерге арналған мурал салынды

Түркістанда көпқабатты үйдің қабырғасына дәрігерлерге арналған мурал салынды

Түркістанда көпқабатты үйдің қабырғасына дәрігерлерге арналған мурал салынды
ашық дереккөзі
 width= Түркістан қаласындағы көпқабатты үйлердің қасбетіне муралдар салынуда. «Сауран» мөлтекауданында салынған алғашқы мурал қауіпті індеттің алдын алу мен науқастарды аман алып қалуда қажырлы еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға арналған, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Бұған дейін қала әкімдігі мен «Түркістан - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен «Отырар» ықшамауданында Қожа Ахмет Ясауидың адалдыққа шақыратын муралы салынған еді. Тұрғындардың көңілінен шыққан дүниені қала әкімдігі шаһардың өзге де аумақтарына салуды жөн көрген. Артынша «Отырар» ықшамауданындағы көпқабатты үйдің қасбетіне Абайдың 175 жылдығына орай ұлы ойшылдың даналық сөзі жазылған мурал салынды. Шаһар басшылығы қала көркін аша түсетін мұндай муралдар алдағы уақытта әртүрлі тақырыпта салынады деп отыр. Ол үшін қала тұрғындарынан түрлі ұсыныстар қабылданады.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→