Атырау қаласында мектепке қайта жөндеу жұмыстарын жасау кезінде 25 млн теңгенің ұрланғаны белгілі болды. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға осы жылдың наурыз айында болған. Қатты дауылдан Ғабит Мүсірепов атындағы №5 мектептің қаптамаларына зақым келген. Облыс прокуратурасы қайта жөндеу жұмыстарын жасау кезінде ақша ұрланғанын анықтады. Ал мектепке қайта жөндеу жұмыстары үш жыл бұрын жасалған. Барлығы 279 млн теңге бөлінген. Жасалған жұмысқа тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 25 млн теңгенің ұрланғаны белгілі болды.
Қазір аталған мәселе бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.