Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
12 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Атаулы әлеуметтік көмек қысқартылады» ақпаратқа түсініктеме берілді

«Атаулы әлеуметтік көмек қысқартылады» ақпаратқа түсініктеме берілді

«Атаулы әлеуметтік көмек қысқартылады» ақпаратқа түсініктеме берілді
ашық дереккөзі
 width= 2020 жылдың екінші тоқсанында төтенше жағдай кезінде АӘК кірісті қайта есептеместен автоматты түрде тағайындалса, осы тоқсанда есептеу көзделген, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Әлеуметтік желіде осы айда 2020 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) қысқартылғаны туралы ақпарат тарауда. 2020 жылдың шілде айынан бастап карантин шараларын сақтау аясында Нұр-Сұлтан қаласында АӘК есептеу 2 жылдың II тоқсанындағы кірісті есептеуді ескере отырып, 2 941 отбасына автоматты түрде тағайындалды. Сондай-ақ «Электронды үкімет» веб-порталының «Электронды өтініш» бөлімі немесе czasp@astana.kz электронды поштасы арқылы өтінім жіберген 160 жаңа өтініш берушіге АӘК есептелді. Кеңес беру барысында АӘК тағайындау шарттары туралы толық ақпарат беріледі, атап айтқанда: отбасы мүшелерінің әлеуметтік мәртебесі, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен сұралатын мәліметтер тізбесі және т.б. Сондай-ақ адамның немесе отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мен атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін алдын ала есептеу жүргізіледі. «Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту орталығы отбасының әрбір мүшесі туралы ресми ақпаратты ғана пайдаланатынына назар аударамыз. Консультация нәтижелері бойынша азаматтар АӘК тағайындауға өтінішті «Электронды үкімет» веб-порталының «Электронды өтініш» бөлімі немесе czasp@astana.kz электронды поштасы арқылы Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту орталығына жібере алады», - деп түсіндірді мамандар. Еңбек министрлігі атаулы әлеуметтік көмек тағайындау 121 мың отбасының 625 мың мүшесіне автоматты түрде ұзартылғанын хабарлады. Екінші тоқсанда 561 мың қазақстандық мемлекеттік инстанцияларға жүгінбей автоматты түрде жәрдемақы алды. АӘК қолданыстағы заңнамада көзделген мерзімге тағайындалады.