"Менің білуімше, бүгін таңертең әлем бойынша жаңа коронавирус инфекциясына қарсы алғашқы вакцина тіркелді",- деді ол үкімет мүшелерімен кездесу кезінде.Ресей Федерациясы президентінің айтуынша, вакцина тиімді, тұрақты иммунитет қалыптастырады және барлық қажетті тексеруден өтті. Сонымен қатар Путин қызының коронавирусқа қарсы екпе салдырғанын айтты.
Ресей жақын арада коронавирусқа қарсы вакцинаны жаппай шығаруды жоспарлап отыр."Қыздарымның бірі осы вакцинаны салдырды. Яғни, ол да экспериментке қатысты. Екпені алғаш салдырғаннан кейін дене қызуы 38 градус болды, келесі күні температурасы 37-ден сәл ғана асты. Кейін тұрақталды",- деді Путин.
"Жақын арада вакцинаны жаппай шығаруды бастаймыз деп үміттенемін. Ниет білдірушілердің барлығы біздің мамандар мен ғалымдардың жасап шығарған талдамасы және жетістіктерін пайдалана алады", - деді Владимир Путин.Ал Ресейдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко вакцина қауіпсіз екенін көрсеткенін атап өтті. Ресейде алғашқылардың бірі болып вакцина медицина қызметкерлеріне салынады. Олар 2020 жылдың қыркүйегінде екпе салдырты. Ал вакцина 2021 жылдың бірінші қаңтарынан бастап кең қолданысқа ие болады.