Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
7 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Бейруттағы жарылысқа кімнің кінәлі екені белгілі болды

Бейруттағы жарылысқа кімнің кінәлі екені белгілі болды

Бейруттағы жарылысқа кімнің кінәлі екені белгілі болды
ашық дереккөзі

Бейрутте жарылған аммиак селитрасы ресейлік кәсіпкерге тиесілі, – деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі AstanaTV арнасына сілтеме жасап.

Бейрутте жарылған аммиак селитрасы ресейлік кәсіпкер Игорь Гречушкинге тиесілі екені анықталды. Тыңайтқыш химикат Грузиядан Мозамбикке жеткізілуі керек еді. Алайда 2014 жылы жүкті Ливан билігі тәркілеп алған. Өйткені, ресейлік бизнесменнің Бейрут портына берешегі көп болыпты. Мұны кеменің бұрыңғы капитаны Борис Прокошев «Сібір Реалии» агенттігіне берген сұхбатында айтқан.
Rhosus кемесінің экс-капитаны Борис Прокошев: «Мозамбикке бара жатқанда біз Бейрутке кіріп, тағы бірнеше жүк тиеп алуымыз керек еді. Бірақ ол, ауыр жүк көліктері болғандықтан мен оны тиеуден бас тарттым. Өйткені кеме майысып кетті. Кейіннен Игорь Гречушкин бізді Кипрдің Ларнака қаласына шақырды. Бірақ Ливан билігі порт төлемін бермедіңдер деп кемеге арест қойды», – дейді.
Осыдан кейін Ливан билігі экипажды елдеріне қайтатырып жіберіпті. Тек капитан, боцман және екі механик қана кемеде қалған. Сөйтіп, олар Бейрутта ақшасыз 11 ай жатыпты. Аш қалған капитан, ай сайын хат жазып Владимир Путиннен араша сұраған.
Rhosus кемесінің экс-капитаны Борис Прокошев: «Мұнда жағдай түрмедегіден қиын екенін жаздым. Сотталғандар қашан шығатынын біледі. Ал біз білмейміз. Хатымызға «өтініштеріңізді сыртқы істер министрлігіне жібердік» деген жауап алдық. Консулдықтағылар «Сені не осы жерден әкету үшін Путин арнайы жасақ жіберуі тиіс пе?» деді», – дейді.
Кейін капитан кемедегі жанармайды сатып, Ливан билігімен соттасыпты. Сөйтіп, сот шешімімен Борис Прокошев еліне зорға оралды. Ал, әлгі Игорь Гречушкин болса бір тиын көмек көрсетпеген.
Rhosus кемесінің экс-капитаны Борис Прокошев: «Жарылысқа Бейрут порты айыпты. Кемені арестке қоймай, жүктен тез арада құтылуы керек еді», – деді ол.