Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
6 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Індетке қарсы отандық екпе дайын

Індетке қарсы отандық екпе дайын

Індетке қарсы отандық екпе дайын
ашық дереккөзі
Індетке қарсы екпе дайын болды.  Әлем елдері жедел түрде жарыса әзірлеп жатқан вакцинаны алғашқылардың бірі болып біздің ғалымдар  ұсынуы мүмкін.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен мамыр айында мақұлданған екпе бірінші сынақтан сәтті өтіпті. Енді екінші тестілеу қыркүйек айында басталады екен. Алайда бұл жаңалықты естіген жұрттың жүзінде қуаныш байқалмайды. Керісінше дені  бұл вакцинаға күмәнмен қарап отыр. Неге? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына NewsRoom+ Ақпарат тілшісі сілтеме жасап хабарлайды. Бүгінде әлем бойынша індетке қарсы вакцинаны 150-ге жуық ғылыми орталық әзірлеуде екен.   Алайда арада жарты жыл өтсе де, әзірге тек екі елдің екпесі  ғана Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының көңілінен шығып отыр.  Қатарында отандық ғылыми зерттеу институтының  жасаған вакцинасы да бар. Еліміздің жетекші вирусолог ғалымдарын біріктірген орталық індетке қарсы екпені наурыз  айының 23-інен әзірлей бастаған.   Небәрі бір жарым айда дайындалған вакцина алғашқы сынақтан мамыр айында өтті.  ((СЛАЙД)) Екпені әуелі тышқан, егеуқұйрық, қоян мен маймылдарға екті. Кейін бірінші тестілеу сәтті болған соң, екпе ақырындап адамдарға да салынды. Екпенің сапасын алғашқылардың бірі болып  вакцина әзірлеген 7 ғалымның өзі тексерді. Біреуімен телефон арқылы байланысқа шықтық. ЛЕСБЕК КҮТІМБЕТОВ,  ҚР  БҒМ  ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ПРОБЛЕМАЛАРЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ АСА ҚАУІПТІ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ ЛАБОРАТОРИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: «Әзірлеген екпемізге толыққанды сенімді болу үшін шығарған вакцинаны әуелі өзімізге ектік. Әзірге ешқандай теріс әсері байқалмайды.  Жағдайымыз жақсы.  Екпе сынақтан сәтті өтіп жатыр. Енді қыркүйек айында екпе  20-50 жас аралығындағы  40 еріктіге егіледі деп жоспарланып отыр. Егер екінші тестілеуден де жақсы өтіп жатса, вирусқа қарсы отандық вакцина дайын  болды деуге толықтай негіз бар» Вакцинаны қабылдаған адамның ағзасында  бірден вирусқа қарсы антидене қалыптасады. Яғни,  індетке қарсы тұратын иммунитет түзіледі.  Демек,  жұқпалы дертті жеңетін күн де жақындай түседі деген сөз.   Алайда  жұрттың жүзінде үміттен гөрі, үрей басым. «Не безопасно.  Интернеттен көргем. Оның ішіне жан кету мүмкін деп.» «Нет, откажусь. Не верю этому. Для здоровья это опасно говорят. Кто говорит? Почему опасно? ну в интернете пишут. А вдруг когда нибудь в руке все это застрянет и взорвется» Өзгесі вирустан барына әлі де сенбейді. «Ну это для чего вакцина? От коронавируса. А он вообще есть? Есть. Нет я не верю.  И детям тоже запрещю» Енді бірі вакцинаның сапасына күмәнмен қарап отыр. Өйткені індетке қарсы екпелер кемі он жылда дайындалуы керек дейді. «У меня свой хороший иммунитет. Спасибо, не вкоем случае. Я понимаю что в такой короткий срок нереально ввести вакцину, я против него» Дегенмен,  салаға жауапты минитсрліктің өкілдері екпенің сапалы екеніне сенімді. КҮНСҰЛУ ЗАКАРЬЯ,  БҒМ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ПРОБЛЕМАЛАРЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ "VSL-3" зертханасында яғни биологиялық қорғауы өте жоғары зертханада коронавирустың қоздырғышы вирусы бөлініп алынды. 9 мамырда ғалымдар алғашқы вакцинаны әзірледі. Осы бүгін вакцинациялаудан кейін 3 күн өтті. бұл біздің екпеніің қауіпсіздігін көрсетеді" Қалай болғанда да,  әзірге әлемде тек ресейлік ғалымдардың шығарған вакцинасы сұраныста. Іргеміздегі Реесейді  алдағы он күнде вакцинаның алғашқы партиялары шығарылуы тиіс.  Кейін әр сайын 10 млн партиямен өндіріледі  деп жоспарланып отыр. Ал отандық ғалымдар өндірген екпенің екінші сынағы сәтті өтсе,   вакцина қолданысқа желтоқсан айында беріледі деген болжам бар.   Коронавирусқа қарсы екпені әуелі  65 жастан асқан, жүрек-қан тамыры, қант диабеті және созылмалы өкпе аурулары бар тәуекел тобына кіретін адамдарға және медицина қызметкерлеріне салынады екен.