Нұр-Сұлтанда ойын-сауық орындарында бірқатар карантин режимін бұзған нысан анықталды, - деп Newsroom+Ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 27 377 790 теңге айыппұл салынған.
"Бүгінгі мониторинг барысында қоғамдық тамақтану, сауда және қызмет көрсету нысандарында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды: жұмыс кестесін, жұмысшылар мен келушілердің маска тағу тәртібін, әлеуметтік қашықтық сақтамау", - дейді Есіл аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасын мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Арман Құрбанов.
"Мониторинг тобы аралау кезінде Есіл ауданында Pei Zdes' 31 лаундж-барында қызметкерлер мен қонақтар әлеуметтік қашықтық сақтамай, карантин режимін, маска тағу тәртібін бұзғанын анықтады. Аталған нысанның басшыларымен және әкімшілігімен түсіндірме жүргізіліп, әкімшілік хаттаманы ресімдеу үшін материалдарды тапсыру туралы хаттама жасалды", - деді Нұр-Сұлтан әкімдігінің Азаматтық қорғаныс орталығының бас маманы Әсет Абылғазиев.Сонымен қатар, Сарыарқа ауданында рейд кезінде мобильді топ "Нирвана" және "Угол 4/1" клубтарындағы карантин режимін бұзушылықтарды анықтады. 4 тамыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан ТҚСҚББ аудандық басқармаларына аудандық полиция басқармаларынан карантинді бұзғандар туралы 544 материал келіп түсті. Олар бойынша 124 жеке және кәсіпкерлік субъектілері жалпы сомасы 27 377 790 теңге әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚБтК 811-бабына сәйкес, карантинді бұзған адамдар кінәсін мойындағандықтан, әкімшілік айыппұлдар қысқартылған түрде қолданылды. Бүгінгі күні жалпы сомасы 15 542 910 теңге 63 әкімшілік айыппұл төленді.