Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
4 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Ішерге тамағымыз жоқ, жұмыс істеуге рұқсат беріңдер !

Ішерге тамағымыз жоқ, жұмыс істеуге рұқсат беріңдер !

Ішерге тамағымыз жоқ, жұмыс істеуге рұқсат беріңдер !
ашық дереккөзі
«Ішерге тамағымыз жоқ, жұмыс істеуге рұқсат беріңдер!» Ақтөбеде карантин кезінде табысынна айырылғандарға берілетін 42500 теңгені ала алмаған жүздеген адам айқай шығарды. Шыдамы шегіне жеткендер шенеуніктерден көмек сұрайды. Күнкөрісі қиындаған тұрғындардың талабы қандай? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына NewsRoom+ Ақпарат тілшісі сілтеме жасап хабарлайды. Карантин қашан бітеді деп екі көздері төрт болып, тамыздың екісін тағатсыздана күткен саудагерлердің көңілі су сепкендей басылды. Қаржыдан әбден қысығандардың жұмысымызды жалғастырамыз деген үміттері де сөнген. Шарасыздықтан бастары шақшадай болғандар кімнен көмек сұрарларын білмей дал.  САЛТАНАТ ҚҰРМАНОВА, САУДАГЕР: «Бір үйде 8 бала асырап отырмын. Ішерге тамақ жоқ. Мына базардан тапқанымды үйге тек сығымдап алып барып, жеп отырдық. Бір күнде 4 буханка нан жеп, 1 литр сүтр ішеміз. Кішкентай баламыз бар емшекте. Үкіметтің беріп жатқан 42500 теңгесін алған жоқпыз. Пожалуйста, базарды ашып, жұмыс жасағымыз келеді! Бала-шағамызды асырайық! Базар ашылсын!». Бұл  жалғыздың жанайқайы емес. Орталық базарда киім-кешек, азық-түлік сататын сауда орындарында 3 мыңға тарта адам еңбектеніп жүр. Бәрі де базар жабылғалы күнделікті табыстан қағылған.  ЖАЗИРА АХМЕТОВА, САУДАГЕР: «Бізге несчастный 42500 теңгені бермейді, бермесе бермей-ақ қойсын. Бізге базарды ашсын! Жаба ма, бүкіл жерді жапсын. Самолет ұшып жатыр. Бізде аптекадағыдай очередь болмайды. Аптекада очередь, «Динада» очередь, бізге келсе 1-2 адам ғана келеді. Нан-сүтімізді алып қайтамыз біздер».  САУДАГЕР: «Мартта бізге жұмыс істеткен жоқ. Айтпастан, аяқ астынан жауып тастады. Бүкіл тауарымыз солай іште қалды». Базыналарын айтқан саудагерлер ашынуға себеп бер дейді. Өйткені, жергілікті билік бұлар істейтін базарды жапқанымен, өзге ірі супермаркеттер мен сауда үйлерінің жұмыс істеп жатыр екен. Бәрінің шамына тигені осы. Әкім-қараларға алаламай, бәріне бірдей талап қойсын деп дүрсе қоя берді. «Бүкіл айнала ашық тұр, СЭС сонда қайда қарап отыр?» Ал қаланың бас санитары заңсыз жұмыс істеген нысандар болса, оны анықтау, қадағалау  жергілікті атқарушы билік пен полицияның құзырында деп отыр. АМАНЖОЛ ӨТЕҒАЛИЕВ , ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Есмағамбетованың қаулысы бойынша жабылған болатын. 2 августке дейін. 2 августе қайта қаралады дегенмен, Үкімет қаулысымен бұл карантин созылды. Бұл тек Ақтөбеде болып жатқан рыноктар жабылуы емес, бүкіл Қазақстанда қаулы бәрімізге бірдей. Қаулы шықты. Орындау- местный органдар, МПС-тің міндеті». Базар сатушылары жұмыс істеуге мұрша берсе, барлық қауіпсіздік талаптарын сақтар едік дейді. Бұған дейін сауда орнында бірде-бір індет жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ деп сендірді. «Сатушылардың талаптарын қойып отырғаны бірінші рет емес. Бұған дейін де, бір ай бұрын саудагерлер базардың ашылуын сұрап шу шығарып, қалалық әкімдікке дейін барған болатын. Сол кезде санитар дәрігердің қаулысымен барлық санитарлық талаптарды орындап жұмыс істеуге рұқсат берді. Саудагерлер сол кезде небары үш апта ғана жұмыс істеп үлгердік деп отыр». Аймақтағы ахуалға келсек, жағдай біртіндеп тұрақталып келеді. Науқастар шетінен сауығып, қауіпті кеселді жұқтырғандар саны да азаюда. Мәселен, өткен тәулікте коронавирус бірде-бір адамнан анықталмаған. Провизорлық орталықтарда емделіп жатқан пациенттер де азайған.