Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
30 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

87 жастағы қарт ана ауруынан құлан таза айықты

87 жастағы қарт ана ауруынан құлан таза айықты

87 жастағы қарт ана ауруынан құлан таза айықты
ашық дереккөзі
 width= Алматыда екі жақты пневмониямен ауырған  87 жастағы науқас  емделіп, ауруханадан шықты. Бұл туралы Алматы қаласы психикалық орталықтың директоры Сапар Рахменшеев,  Өңірлік коммуникациялар қызметіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Бұған дейін, Психикалық орталық   базасында  коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдейтін  провизорлы стационар құрылған болатын.
«1933 жылы туған әжей бізге ауыр жағдайда келді.  Оған екі жақты полисегментті пневмония диагнозы қойылды.   КТ өкпенің  64% зақымданғанын көрсеткен болатын. Сонымен қатар, пациенттің басқа да аурулары болды:  созылмалы жүрек ауруы, қант диабеті, артериялық гипертензия және тағы басқа", - деді Сапар Рахменшеев. " Емдеу курсын толыққанды аяқтаған науқас үйіне шығарылды. Әжей барлық медицина қызметкеріне бата беріп, індетпен күресуде ерлік көрсетіп жүрген жандарға алғысын білдірді",- деп дәрігер сөзін толықтырды.
Дәрігердің айтуынша, осы айдың ішінде Орталыққа  55 жастан асқан 207 азамат көмекке жүгінген. Оның 152-сі емделіп шыққан,   ал қалғандары емдеуді әлі  жалғастыруда. Күн сайын  8-10-нан астам науқас ауруханаға жатқызылады. Директордың айтуынша, бүгінде ауруханадағы бос төсек-орын саны 33-ке жеткен. Соңғы айда 499 адам емделіп, үйлеріне шығарылған. Жалпы айтқанда,  аурухананың жансақтау бөлімінде-  1 науқастың жағдйы ауыр,  226 науқас  орташа ауырлықта, 7 адам қанағаттанарлық жағдайда.