Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
29 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркияға рейстер ашылады – министрлік мерзімін атады

Түркияға рейстер ашылады – министрлік мерзімін атады

Түркияға рейстер ашылады – министрлік мерзімін атады
ашық дереккөзі
20 маусымда Түркия мен Оңтүстік Кореяға халықаралық рейстер ашылған болатын. Алайда эпидемиологиялық жағдай нашарлағаннан кейін әуе байланысы қайтадан тоқтатылды.
Бұл туралы NewsRoom+ Ақпарат тілшісі  Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап. Мәдениет және спорт министрлігінің туризм индустриясы Түркия, Таиланд пен Грузияға әуе рейстерін ашу мерзімін атады. Комитет төрағасы Дастан Рыспековтың айтуынша, қазіргі кезде бірқатар мемлекетте эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Осыған байланысты халықаралық рейстерді қалпына келтіру мәселесі қаралуда. "Оның ішінде тамыз айында Таиланд пен Грузияға рейстер ашу жоспарланып отыр", - деді Рыспеков орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Айта кетейік, 20 маусымда Түркия мен Оңтүстік Кореяға халықаралық рейстер ашылған болатын. 4 шілдеге дейін 622 жерлесіміз Түркияда демалып қайтты. Алайда эпидемиологиялық жағдай нашарлағаннан кейін Түркиямен арадағы халықаралық қатынас қайтадан тоқтатылды. Онлайн брифингте комитет төрағасы Түркияға халықаралық рейстерді қайтадан ашуға қатысты сұраққа да жауап берді. "Барлығы біздегі жағдайға ғана емес, өзге мемлекеттердегі эпидемиологиялық ахуалға да байланысты. Дегенмен, бүгінде осы мәселе бойынша 10 тамыздан бастап рейстерді қалпыну келтіру жайы қаралып жатыр. Бірақ бәрі нақты жағдайға байланысты болады", - деп атап көрсетті Рыспеков.