Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
16 наурыз, 2025 / Перизат Ілес / Мәдениет

2025 жылы Алматы облысында Наурыз қалай атап өтіледі?

Алматы облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай кең ауқымды мерекелік шаралар өтеді. Қонақтар үшін театрландырылған қойылымдар, ұлттық ойындар, концерттер мен ерекше мәдени перформанстар ұйымдастырылады,- деп хабарлайды newsroom.kz

2025 жылы Алматы облысында Наурыз қалай атап өтіледі?
Фото: Balbal.kz

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым Наурыздың мәні мен маңызы туралы:

“Наурыз – бұл тек халықтық мереке ғана емес, бұл – жаңару мен бірліктің, ұрпақтар сабақтастығының символы. Біз бұл мейрамды өңір тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше әрі есте қаларлықтай етуге бар күшімізді саламыз”, - деп атап өтті Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым.

Жалпы өңірде 368 мерекелік іс-шара жоспарланған, олар барлық аудандарда өтеді.

Мерекенің негізгі тойланатын үш басты орны анықталды:

•  Орталық алаң – мұнда 25 қазақы киіз үй тігіліп, қонақтар ұлттық салт-дәстүрлермен таныса алады. Келушілерге қазақтың дәстүрлі тағамдары ұсынылып, ал басты сахнада Қазақстан эстрада жұлдыздарының концерті өтеді.

• Қонаев көшесі – бұл алаңда қолөнер шеберлерінің шеберлік сабақтары, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі мен қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылады.

• Б. Соқпақбаев атындағы қалалық парк – мұнда қазақша күрес, асық ату, гір тасын көтеру сияқты ұлттық ойындар өтеді. Сондай-ақ, қонақтар үшін арнайы фотозоналар, аниматорлар мен балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы әзірленген.

2025 жылғы Наурыздың басты оқиғалары

• Қыдыр ата бейнесіндегі театрландырылған көрініс, тазарту рәсімдері және дәстүрлі наурызкөже тарату.

• 100 домбырашы қазақ күй өнерінің майталманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арнап күй орындайды.

•  Қазақстандық эстрада жұлдыздарының концерті және жастарға арналған Open Air ашық аспан астындағы мерекелік шара.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату