2024 жылы Қазақстанда 31 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Сенатордың пікірінше, жол апаттарының негізгі себептерінің бірі – жүргізушілердің жеткіліксіз дайындығы. Осыған байланысты ол премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында жүргізушілерді оқыту және бақылау жүйесін қайта қарауды, сондай-ақ әр 10 жыл сайын міндетті қайта аттестация енгізуді ұсынды.
Сенатордың негізгі ұсыныстары:
• Авто мектептерге мемлекеттік бақылауды күшейту.
• Жаңа жүргізушілер үшін сынақ мерзімін енгізе отырып, емтихан жүйесін қайта қарау.
• Жүргізуші куәлігін алғаннан кейін 6 ай өткен соң біліктілікті арттыру курстарын міндетті ету.
• Жол қозғалысы ережелерін білуі мен көлік жүргізу дағдыларын әр 10 жыл сайын тексеріп отыру.
• Жүргізуші куәліктерін беру процесін Ішкі істер министрлігіне тапсыру.
• Барлық ірі қалалар мен аудан орталықтарында арнайы ХҚКО мен автодромдар ашу.
Бұған қоса, Қожаев жол инфрақұрылымын жақсартуды ұсынды. Оның ішінде:
• Көпдеңгейлі жаяу жүргіншілер өткелдерін салу,
• Жолдардың жарықтандырылуын жақсарту,
• Жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салу,
• Ірі қалалардың айналма жолдарын салуды жеделдету.