Ресейлік депутаттар Владимир Жириновскийдің 80 жылдығына орай Алматыда оның ескерткішін ашуды ұсынды. Тиісті жарлыққа бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин қол қойған болатын.
Ол 2022 жылы 75 жасында қайтыс болды. Ресейде ресми рәсімдерден бөлек, Жириновский туралы фильмдердің көрсетілімі жоспарланған.
Көрсетілімдердің Қазақстанда өтетіні әзірге белгісіз.
Владимир Жириновский кім?
Саясаткер және Ресейдің либералды-демократиялық партиясының (РЛДП) 1992 жылғы құрылғанынан бастап өмірден озғанына дейінгі басшысы.Ол 1993 жылдан бастап Мемлекеттік думаның депутаты және 1993–2000 және 2011–2022 жылдар аралығында Мемлекеттік Думадағы РЛДП фракциясының жетекшісі болды. Жириновский Ресейдің 2004 жылдан басқа барлық президенттік сайлауына қатысты.