Қайғылы оқиға Толедо провинциясында болған. Пойыздарда Iryo және Renfe компанияларына тиесілі құрамдарда 500-ден астам жолаушы болған. Апат салдарынан ондаған адам жарақат алып, олардың бірқатары ауыр жағдайда жатыр.
Құтқару жұмыстарына 200-ге жуық әскери қызметкер тартылған. Мамандар зақымданған вагондардың ішінде қалып қоюы мүмкін адамдарды іздестіруді жалғастырып жатыр. Оқиғаға байланысты Мадрид пен Андалусия арасындағы жоғары жылдамдықты пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды.
Испания премьер-министрі Педро Санчес апат болған жерге барып, тергеу барысында немқұрайлылық анықталса, кінәлілер заң алдында жауап беретінін мәлімдеді. Қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз кеткендердің туыстарына көмек көрсету орталықтары ашылып, марқұмдарды сәйкестендіру үшін ДНҚ үлгілері жиналып жатыр.