Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қосымша төлем еңбек өтіліне қарай есептеледі. Атап айтқанда, 2 жылдан астам тәжірибесі бар қызметкерлерге 20%, 3 жылдан асқандарға 30%, ал 5 жылдан асқан мамандарға 50% қосымша ақы төлеу ұсынылған.
Жоспарға сәйкес, ауылдық жерлердегі жалпы практика дәрігерлерінің жалақысы еңбек өтіліне қарай 386 мыңнан 760 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін. Медбикелердің жалақысы 221 мыңнан 401 мың теңгеге дейін болады.
Қаладағы жалпы практика дәрігерлерінің жалақысы 307 мыңнан 607 мың теңгеге дейін, ал медбикелердікі 173 мыңнан 318 мың теңгеге дейін жетуі ықтимал.
Аталған сомалар еңбек өтіліне қарай көрсетілген. Қосымша ақы төлеу тетігі ұсыныс ретінде жарияланған.